РЕКТОР ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ ҰЖЫМЫМЕН ТАНЫСТЫ

Университет ректоры – Талғат Ильясұлы технологиялық факультетінің материалдық-техникалық базасымен танысты. Технологиялық факультет бұрынғы технологиялық институттың ізбасары ретінде тамақ, тоқыма және химия өнеркәсібі, стандарттау, сертификаттау және метрология, мейрамхана мен қонақжайлық саласы бойынша жетекші кадрларды дайындайтындығы айтылды.

Кездесу барысында факультет деканы Аймен Әнуарбек Талғат Ильясұлының ұсыныстарын қолдап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Дулати университеті – елдегі инновациялық дамыған жоғары оқу орындары қатарына қосылып, бәсекеге қабілетті болуы үшін факультет білікті мамандарды даярлауда аянбай еңбек ететінін айтты.

Медиа-қызмет

Прочитано 1134 раз
Top