РЕКТОРДЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

Қазақ күресінен «Қазақстан Барысы – 2021» турнирінде екінші орын иеленген Ғалымжан Қырықбай, Дулати университетінің ректоры Талғат Ильясұлының қабылдауында болды.

Талғат Ильясұлы Дулати университетінің ғана емес, облыс мәртебесін көтеріп,  ел мерейін асқақтатқан Ғалымжанды жеңісімен құттықтап, толағай табыстар тіледі!

Жиынға тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры м.а Альмара Еркінқызы, «Сұңқар» спорт клубының төрағасы Дастан Джылысбаев және жеке бапкері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Бақтияр Ақбергенов қатысты.

Медиа-қызмет

Прочитано 1159 раз
Top