ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төреғасы – Ректор Ешенқұлов Талғат Ільясұлының қатысуымен мәжіліс залында алғашқы Ғылыми Кеңес мәжілісі болып өтті. Аталған мәжіліске  университет декандары мен оқытушылар қатысты.

Ғылыми кеңестің күн тәртібінде бітіруші түлектерге біліктілік беру, 2021-2022 оқу жылындағы академиялық күнтізбе мен штаттық кестені және профессор – оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік материалдарын бекіту, жазғы сессия нәтижесі бойынша мәселелер қаралды. Ғылыми кеңесте университеттің академиялық саясаты бойынша департамент директоры Малибеков Алдаберген Қадырбекұлы мемлекеттік аттестаттау комиссиялары жұмысының қорытындысы туралы, тіркеу офисінің директоры Чернявская Наталья Петровна 2020 – 2021 оқу жылы жазғы сессия нәтижелері – студенттік ортада бәсекелестікті қамтамасыз ету бағытындағы ЖОО-да атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Ал, Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалуы туралы Комиссия төрайымы, Кітапханалық-ақпараттық орталық директоры Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы анықтама жасады.Ғалым хатшы Жұмабаева Айжамал Мықтыбекқызы Ғылыми кеңес жұмысының 2021 – 2022 оқу жылына арналған жоспары туралы ойын ортаға салды.

Сонымен қатар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің имидждік саясатын жүзеге асыру туралы Ережесі мен Жол картасын бекіту туралы ақпарат және медиакоммуникация орталығының басшысы Амалбекова Гүлмира Ержанқызының, профессор-оқытушылар құрамының монографияларын бекіту туралы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор м.а. Нұрзада Әбдібекқызы Бейсеннің ұсыныстары тыңдалды және Химия мамандығы  бойынша диссертациялық кеңестің ауыспалы құрамын бекіту туралы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректор м.а. Н.А.Бейсен анықтама жасады.  Басқарма Төреғасы – Ректор Ешенқұлов Талғат Ільясұлы қызметкерлердің жүйелі жұмыс жасай отырып, нақты қадамдарға бару қажеттігін баса атап өтті және қаралған мәселелер бойынша жауапты қызметкерлерге тапсырмалар берді.

Медиа-қызмет

Прочитано 1226 раз
Top