ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНА БІР ҚАДАМ

Еліміздің барлық аймағынан жиналған студенттер мен оқушылар арасында  Enactus Kazakhstan National Expo – 2021 чемпион атағы Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. 17-18 маусым аралығында финалдық жобаға  «Enactus DULATY» командасы қатысты. Ұлттық чемпионаттың 3 жыл қатарынан финалисті атанып, биылғы жылы  үздік талпыныспен  4 – орынға табан тіреді.

Бастапқыда қатысуға 42 студенттік және 35 мектеп ұжымынан өтініш қабылданып, олар өздерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жобаларын қазылар алқасына ұсынған болатын. Онлайн-іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 20 команда жартылай финалға өтті. Финалда ASTANA MEDICAL UNIVERSITY, TORAIGHYROV UNIVERSITY, CASPIAN UNIVERSITY және университетіміздің командасы Enactus Kazakhstan National Expo – 2021 ұлттық чемпионы атағы үшін күресті.

Бұл жолы Дулати Университетінің командасы инсульт және түрлі жарақаттар алған жандардың өмірін сақтап қалуға бағытталған PHOENIX жобасын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша біздің команда төртінші орынға ие болды.

Финалдық бәсекеде университет намысын қорғаған студенттермізге алдағы уақыттарда болатын тартысты жобаларда жеңісті күндер тілейміз!

Медиа-қызмет

Прочитано 1167 раз
Top