ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

22 – маусым «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған» мәжіліс залында әдеп жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Аталған іс-шараға әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Дина Дүйсебайқызы Көлбаева, Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Еркінқызы Наурызбекова және университет декандары мен оқытушылар қатысты.

Отырыстың күн тәртібі бойынша кеңес мүшелері студенттер тарапынан келіп түскен шағым, және академиялық адалдық саясатын бұзу мен әдеп қағидаттарының сақталмауына байланысты құрылған комиссияның анықтамасымен танысты. Тіркеу офисі директорының орынбасары Б.С.Мырқалықов академиялық адалдық саясатын бұзуына қатысты ақпарат берді.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің маманы Асу Тұранұлы Бегалиев кеңес соңында ғылыми қызметкерлердің этикасын сақтау жайында бөлім енгізуді ұсынды.

Медиа-қызмет

Прочитано 1258 раз
Top