БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ – БАЛА ТӘРБИЕСІНЕН БАСТАЛАДЫ

Ел арасында ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере-шөбересін әлпештей өсіріп, шаңырағынан шаттық лебі ескен өнегелі отбасылардың көптігі көңіл қуантады. Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Жас ұрпақ тәрбиесінде ата-ананың рөлі зор. Ата-ана өмірлік тәжірбиелері арқылы балаларына қалай өмір сүруге, берілген жағдайда қалай әрекет етуге болатындығын үйретеді. Үлкендердің кеңесін басшылыққа ала отырып, жастар өздерінің болашақ өмір жолын таңдайды.

Бүгінде жанашыр жар, үлгілі әке, қамқор ата атанып отырған керегесі кең, шаңырағы шаттықтыққа толы, көпке үлгі болар отбасының иесі – техника ғылымдарының докторы, Халықаралық экология және өмір қауіпсіздігі ғылымдарының академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы, Дулати университетінің су ресурстары кафедрасының профессоры, Диссертациялық кеңестің төрағасы – Сейтхан Қойбақов.

Ол Ұлы Отан соғысы жыдарында жанкештілікпен, ерлікпен аман қалған жандардың отбасында дүниеге келеді. Қойбақовтар әулетінде 13 бала болған. Бірге өсіріп, тәлімі мол тәрбие берген анамыз – 94 жаста, 32 немересі, 31 шөбересі және 5 шөбшегі, яғни бес ұрпағы бар. Пандемияға дейін Сейтхан Қойбақовтың жанұясы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мерейлі Отбасы-2019» байқауының қалалық кезеңіне қатысып, Гран-приді жеңіп алды.

Сейтхан мырза отбасындағы тәрбиені басты орынға қою керек деп балаларына үнемі айтып отырады. «Менің кішкентай болсын жеткен жетістігім ата-анамның бойыма сіңірген тәрбиесінің нәтижесінде деп білемін. Бағымызға орай әкем соғыстан аман-есен оралған екен. Тағдыр оны қаталдыққа, қайтпас қайсарлыққа, темірдей тәртіпке үйреткендіктен болар бізге мейірлене көп қарамайтын. Бала кезімізден еңбексүйгіштікке, адалдыққа, әділдікке, тәуелсіздікке, жауапкершілікке, жақсы оқуға деген ұмтылысқа үйретті. Әкеміз жұмыс күндері, демалыс күндері болсын, бізді таңертең не оқуға, не үй шаруасына көмектесуді әдетке айналдыруға баулыды. Көпбалалы отбасы болғандықтан, анамыз үй шаруасымен айналысты. Өз бақшамыз бен төрт түлігіміз болды. Үйде бауырларыммен бос уақытымызда демалыс күндерімізде жұмыс істедік. Біз жаздың аптап ыстығына қарамай шөп орып, оны жинаушы едік. Қазіргідей техникамен емес барлығы қолмен жиналатын. Сосын,  азық-түлік өнімдері - картоп, көкөніс, бидай дайындаумен айналысқанбыз. Үй жұмыстарынан басқа, сапалы кірпішке тапсырыс бойынша жұмыс істедік. Табылған ақшаға қажетті киім мен аяқ киім, оқу құралдарын сатып алатынбыз. Бала кезімізден еңбекке көп араласқындақтан, өмірдегі кейбір сәтсіздіктер бізді қынжылтып, құлата алмады. Қазір айтып отырып тек күліп аламыз. «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деп үлкендер бекер айтпаған екен. Қазір осы күніміз үшін ата-анаға тек алғыс айтамыз» - дейді   Сейтхан Мелдеханұлы.

Бүгінгі күні балаларына ғана емес, университет ұжымы мен студенттеріне ағалық ақылын айтудан еш жалықпайтын ағамыздың әулетінде ғалымдар, мұғалімдер және әскери қызметкерлер шыққан. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Бауыржан Қойбақов, генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының академигі Сейітжан Қойбақов, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Елизавета Койбакова, кандидат Ерлан Қойбақов. Адам ұрпағымен мың жасайды, сол үшінде бала тәрбиесіне, оның қоғамдағы алар орнына ерекше мән берген отбасының бастауы болған ата-анасы балаларын адамгершілік қасиеттерге баулып, әрқайсысының өмірдегі дара жолдарының қалыптасуына дұрыс бағыт көрсете білді. Тамыры тереңге жайылған, биік бәйтеректей бүгінгі отбасының ұрпағы елдің барлық аймақтарында тұрады.

Сейтхан Қойбақов мырза бауырларының елдің ертеңі үшін туған азамат болғандырын мақтанышпен айтады. «Тағдыр таңдаудан тұратынын ескерер болсақ, біздің үйдең балалары ғылым жолын таңдап, өз еңбектерін келешек жастар үшін жазып қалдыра алды. Мәселен,  Бауыржан Қойбақов 60-тан астам ғылыми мақалаларын жарыққа шығарды. Олар елімізде және шетелдерде жоғары бағаға ие болды. Өтпелі кезеңдегі елдегі суармалы егіншіліктің жай-күйін сипаттайтын, су мен ауыл шаруашылығындағы дағдарыстың себептерін ашатын, нарықтық тәсілді қолдана отырып, оларды шешудің себептерін айқындайтын «Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ирригация» монографиясы жариялаған. Бауыржан Қойбақов тек қаланың қоғамдық өміріне ғана емес, сонымен бірге халық депутаттары Орталық аудандық Кеңесінің депутаты және аудандық атқару комитетінің мандат комиссиясының мүшесі болып сайланды, 2 Халықаралық ғылыми және экология және қоршаған ортаны қорғау проблемасына арналған техникалық конференцияларға қатысты. Академик Қойбақов Бауыржан Мелдебекұлы өзінің жоғары эрудициясымен, өзіндік талапшылдығымен, ғылымға адал қызметімен, қарым-қатынастың жоғары мәдениетімен өзі араласқан адамдар арасында лайықты беделге және құрметке ие болды. Атақты ғалым, Ауылшаруашылық ғылымдары академиясының академигін мәңгілікке қалдыру мақсатында 1999 жылы 18 қарашада ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.  2000 жылы 14 қаңтарда Тараз қалалық мәслихаты мен қала әкімінің шешімімен бұрынғы Красин көшесі Бауыржан Қойбақов көшесі болып өзгертілді. Генерал-майор, заң ғылымдарының докторы, Ресей қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының академигі Сейітжан Қойбақов ұлттық қауіпсіздік жүйесінде қызмет етіп, тәуелсіздікті нығайтуға және конституциялық құрылысты қорғауға үлкен үлес қосты. Елизавета Қойбақова, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты, заң ғылымдарының кандидаты, Ерлан Қойбақовта еліміздің дамуына үлес қосты. Мен болсам, менің барлық өнертабыстарым гидротехникалық нысандарды әртүрлі табиғат құбылыстарынан қорғауға байланысты. Мен өзімнің барлық өнертабыстарымда элементтердің табиғи күшін жел немесе су болсын элементтерге қарсы күресте қолданамын.

Бұл өнертабыстарда жасанды энергияны ысырап етудің қажеті жоқ, егер табиғат дұрыс бағытталса, бәрін өзі жасайды. Алғаш рет теориялық тұрғыдан негізделген каналдар мен жол қазбаларының қарға төзімді профилі туралы түсінік берді. Осының негізінде КСРО мен Қазақстан Республикасының патенттерімен расталған қардың жиналуымен күресудің жаңа әдістері жасады. Ертіс-Қарағанды ​​каналында гидротехникалық тәжірибеде баламасы жоқ үлкен су айдындарындағы қалқымалы қоқыстармен (самосвал) дрейфтен авариялардың алдын-алудың принципиалды жаңа әдістерін ұсынды. Ол «Ирригациялық жүйелерді жаңарту кезінде су ресурстарын ұтымды басқару және пайдалану жүйесін құру», «Құрылыс бетонының сапасын қамтамасыз ету» ғылыми жобаларының жауапты орындаушысы болды. Қойбақовтар шаңырағы – көпке үлгі боларлық, тәлім-тәрбие аларлық қызыға қарайтын, ғылым жолында өз үлестерін қосып жүрген үлкен әулет.

Сейтхан Қойбақов ғылым жолынан бұрын, бастысы отбасы тәрбиесі екендігін айтты. Әке көрген оқ жонар, дегендей сіз балаларыңызға қатал болдыңыз ба деген сұрағымызға ағамыз «Әрине, отбасылық тәрбиеде алдымен ата-ана өзінен бастауы керек. Балалар ата-анасынан үлгі алады, олардың мінез-құлқын көшіреді. Балаларды еңбекке, тәртіпті болуға үйретуге тырыстым. Ең бастысы, олар өздеріне және айналасындағыларға адал болуы керек екендігін үнемі айтып отырдым. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер аса маңызды, ал қалғандарының барлығы қосымша болып табылады ғой. Егер адам принципсіз болса, онда мінез-құлық мәдениеті және оның іс-әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына алу мүмкіндігі жоқ болса, қанша жерден білімді, білікті, бай-қуатты болып тұрса да оған ештеңе көмектесе алмайды. Егер адам адал, әдепті, жауапкершілікті, саласының білімді және жақсы маманы, тіпті қарапайым жұмысшы болса, онда уақыт өте келе оның бәрі оны биік нәтижеге шығара алады.

Бақыт деген өсірген ұл-қызыңның биік шыңдарды бағындарғанын көру екен. Ата-ананың қуанышқа бөленуі өте оңай. Бақыт үлкен отбасыда бәріміз жиналып дастархан басында шүйіркелесіп әңгіме айтып отырғанда, Бақыт деген - балаларың жақсы болғанда, олардың жетістіктеріне қуанған кезде. Жұбайым Жанар екеуміз жеке және кәсіпқой болып өскен бес баланы тәрбиеледік. Балаларым ата-аналарының жолын қуып, ғылыми немесе әскери жолды таңдады. Бақтиярдың ұлдары - ҰҚК полковнигі, Дәурен ғарышты таңдады. Ол ЕҰУ-дің бакалавриат және магистратураларын бітірген. Гумилев «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы бойынша және осы бағытта «Қазақстан Карыш Сапары» Ұлттық компаниясы»АҚ-да жұмыс істейді. Бұл компания Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі мен жоғары дәлдіктегі жерсеріктік навигация жүйесінің ұлттық операторы болып табылады. Гүлнұрдың қыздары - қоршаған ортаны қорғау инженері, Асема - «Болашақ» бағдарламасының халықаралық құқық түлегі (Нидерланды) Сеулдегі магистратураны бітіргеннен кейін Нұр-Сұлтандағы қазақ-француз компаниясында жұмыс істеді, PhD докторантурасында оқиды. Қазірдің өзінде жеті немереміз бар.

Жалғандағы ең ыстық мекен – жанұя. Бала дүниеге келген сәттен бастап өзінің қамқорлығы мен мейіріміне бөлеп, оған әлемдегі сұлулықты, жақсыны үйреніп, жаманнан жиренуді бойларына сіңіруді үйреткен, барлық жағдайда әділетті де адал болу сынды адами қасиеттерді үйрете білген өз баласын ғана емес, талай жасты тәрбиелеген Қойбақовтар әулеті бүгінгі өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрген мерейлі жандар!

 

Гүлжауһар БАЖАҚАЙ

Прочитано 1912 раз
Top