DU СТУДЕНТІ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

Дулати Университетінің студенті - Әбілхан Аманқұл бокстан (75кг) Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Финалға Азия чемпионатына Қазақстаннан бес боксшы шыққан болатын. Ақтық сайысқа жолдама алған спортшылар ішінде біздің Әбілхан да табылды.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы сапында Әбілхан Аманқұл үндістандық боксшы Ашиша Кумар мен Ирандық Сейдшахина  Мусавиді жеңіп финалға шықты.

Ал финалда Әбілхан Аманқұл өзбекстандық Саиджамшит Джафаровпен бақ сынасты. Жекпе-жек қарқынды өтті. Екінші раундта төреші өзбек боксшысын нокдаун деп санағанымен Әбілхан жеңіліп қалды. Жекпе-жек 1:4 есебімен Джафаров жеңісімен аяқталды.

Токио олимпиадасына жолдаманы бұл жарыстың алдында-ақ жеңіп алған Әбілханға алдағы үлкен бәсекеде тек жеңіс тілеміз!

Жазира Теңизбаева
конвергентті журналистика мамандығының
1-курс студенті

Прочитано 1062 раз
Top