БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

«Карьера және бизнес серіктестігі» бөлімінің ұйымдастыруымен мәжіліс залында  «Жас маман -2021» атты бос орындар жәрмеңкесі  өтті.

 Іс-шараға   э.ғ.д. профессор Ержан Әмірбекұлы, «Ұстаз» институтының директоры Орынқыз Джолдасова,  «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институтының директоры Бейсембин Кұдайберген және  факультет  декандары қатысты.

Елдегі етек алған жағдайға байланысты түрлі саланың жұмыс берушілері Zoom платформасы арқылы  онлайн режимінде қатысуға мүмкіндік алды.

Жиында «Карьера және бизнес серіктестік бөлімінің басшысы» - п.ғ.д., профессор Расима Амандосова  қатысушы қонақтарға шынайы алғысын білдіріп, бас қосудың мәні мен маңызы туралы тоқталды.

Жәрмеңке барысында мемлекет тарапынан жұмыс істеуге ниетті жастар үшін барлық жағдай қарастырылғаның   реттімен сөз алған қатысушылар атап өтті.  Сарысу ауданы Ш.Уалиханов атындағы мектеп, Қордай ауданы Д.Конаева атындағы № 1 мектеп, АО «Евразийский банк» ТФ АО «JusanBank» қатарлы Білім беру мекемелері мен кәсіпорындарының 11 өкілі сөз сөйлеп, университет мамандықтары бойынша 129 бос жұмыс орнын ұсынды, оның ішінде 75 - і Сарысу ауданы екенің ерекше атап өткіміз келеді.

 Медиа -қызмет

Прочитано 1345 раз
Top