Сөз көкпары саналатын ақындар айтысы қазақ үшін мәртебесі биік бекзат өнер. Оқу ордамызда асқак өнердің жалауын желбіретіп жүрген жастар аз емес.
Қасиетті Қаратау төрінде «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай өткізілген « ТӘУЕЛСІЗДІК-ТҰҒЫРЫМ» атты облыстық ақындар айтысында журналистика мамандығының 4 -курс студенті Шапағат Әбдірұлы әріптестерінен оза шауып, 1 – орынды қанжығасына байлады.
Аталған айтысқа 64 ақын қатысып, 24 ақын осы жарысқа жолдама алған болатын. Сөз зергерлері қатысқан додада көрермендердің таңдайын қақтырған талантқа, айтыс аламанында абыройың асқақ, беделің биік болсын деген тілек білдіреміз!