АДАЛДЫҚ ҚОҒАМ АЙНАСЫ

"Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департментінің"  ұйымдастыруымен "ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған"  мәжіліс залында  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары  -  Равиль Қуанышбайұлының қатысуымен  "Академиялық адалдықты жүзеге асыру жолдары"  тақырыбында панельдік пікір алмасу өтті.

Жиынға университет Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Альмара Наурызбекова мен факультет декандары, институт директорлары және университет қызметкерлері қатысты.

Алғашқы сөзді  алған Төлебаев Равиль Қуанышбайұлы  бас қосудың   маңыздылығы  жайлы тоқталды.

Келесі сөз Тіркеу бөлімінің директоры т. ғ. к.,  доцент Наталья Чернявскаяға беріліп Дулати университетінде қабылданған академиялық адалдық саясаты мен ережелері туралы кеңірек тоқталса,  Студенттер құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Қ. Абдукаримов Дулати университетінің құрамындағы студенттер құқықтарын қорғау туралы ойларын ортаға салды.  Іс- шараның өтуіне ықпал еткен "Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің"  директоры М. С. Божымбаева жүргізілген сауалнама нәтижелері,  студенттердің пікірін зерделеу туралы тоқталып өтті. Тарбие бөлімінің басшысы Ж. Н. Нурболатбекова және қонақтар өз көз қарастарымен бөлісіп алдағы жұмыс жоспарына тоқталды.

«Осындай іс-шара жалғасын таба берсе,  ақылдасып әлі талай жұмыстарды атқарамыз, барлық іс-қимыл шын болған жерде ешқандай жалғандық араласпаған жағдайда  қоғам дамиды және  нәтиже болады» - деді  пікір алмасу соңында  Равиль  Қуанышбайұлы

Медиа-қызмет

Прочитано 1176 раз
Top