ТІЛ-ДОСТЫҚ ДӘНЕКЕРІ

Дулати университетінің №1 Студенттер үйінде өзге этнос студенттері арасында «Тіл-достық дәнекері» атты мемлекеттік тілде мәтінді минутына оқудан жарыс өтті.
Мақсаты-студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениетін арттыру, оқу сауаттылығын жетілдіру. Додаға 10 студент қатысып, бесеуі оза шапты.

Осы тұста айта кетсек, Дулати университетінде шамамен 2700-дей шетел азаматтары оқиды. Олардың қалауы бойынша тілдерді (қазақ, орыс) меңгеру курстары да жүргізіледі.

Жеңімпаздар: Г.Аккаева, А.Хакназарова, М.Садыкова, Т.Денданова, Х.Язиева. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. Жеңімпаздар Тілдерді дамыту басқармасының Алғысхаттарымен, сыйлықтарымен марапатталды.

Жарысқа демеушілік көрсеткен облыста мемлекеттік тілдің дамуын жүзеге асырып жүрген, мемлекеттік тілге қатысты іс-шараларға ұйытқы болып, үнемі қолдау көрсететін Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасына, Р.Тұрмағанбетоваға алғыс айтамыз.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мемлекеттік тілді дамытудың бірқатар жолдарын көрсете келе: «Мемлекеттік тілді дамыту ісінде қызбалыққа салынып, оның қолдану аясын күшпен кеңейтудің кері әсері болады... біз қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдауымыз керек...»,«Қазақ тілі-қазақтың жаны»,-деген еді. Расын да мемлекеттік тілді білім алушыларға меңгертуде мотивациялық іс-шаралардың маңызы зор.
#Qazaq_tili
#Қазақтілі-ұлтаралықтіл

Прочитано 1237 раз
Top