«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫНА» ЖОЛДАМА АЛДЫ

Дулати Университетінің студенті Ғалымжан Қырықбай Жамбыл облысының атынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев жүлдесі үшін қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» X республикалық турниріне қатысады.

 Ғалымжан Қырықбай аймақтық іріктеу турниріне қатысқан кезде беделді балуандар байқауының финалына қатысуға жолдама алды. Бұл жолы облысымыздан 20-дан астам үздік балуандары бақ сынады.

Естеріңізде болса, Ғалымжан 2019 жылы Универсиада алтынын да олжалап, абыройымызды асқақтатқан болатын. Енді оған республикалық турнирде облыс намысын қорғау міндеті тұр.

Айта  кетейін, «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» шілде айында әр облыстың мықтыларының басын Нұр-Сұлтан төріне түйістіреді деп күтілуде. Бұл додада Ғалымжанға сәттілік тілейміз!

182579148 1074232036398008 3837012565333529486 n182657432 1074231976398014 8635956486203939522 n

 

 

 

 Медиа-қызмет

Прочитано 1157 раз
Top