РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АТАНДЫ

Студенттеріміз Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өткен онлайн олимпиадада жүлделі орындарға ие болды.

«Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» Республикалық мемлекеттік мекемесінде өткен онлайн олимпиада да «Мәдениет және өнер» кафедрасының «Мәдени тынығу» мамандығының 2 курс студенті «Вокал» пәні бойынша Лесов Бекнияз 2-орын иеленсе, «Сахна қозғалысы» пәні бойынша «Ғасырлар үні» микс-композициясымен «Сахна тілі» пәні бойынша М.Өтемісұлы «Мен, мен, мен едім»  композициясын орындап 3-2 курс студенттері 3 орынды иеленді.

Одан әрмен Ф.Оңғарсынованың «Мен онымен қай кезде көрісемін?» атты монологын оқыған 3 курс студенті Шегетай Нұрасыл 3 орынға ие болды. «Актер шеберлігі» пәні бойынша Абайдың қара сөздерінен инсенировка және «Режиссура» пәні бойынша К.Гоголь «Ревизор» арнайы дипломмен марапаталды.  Жетекшісі ҚР қайраткері Айтибаева Шолпан.

 

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1347 раз
Top