БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ ІЛКІМДІ ІСТЕРІ

Дулати университетінде Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен М.Үркімбаев атындағы жастар сарайында "Жастар Up" атты жастар ұйымдарының презентациясы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – белсенді студенттердің тың жобалары мен биылғы атқарған жұмыстарының есебін көрсету.

Жиынға университет ректорының м.а. э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы, университет оқытушылары мен белсенді студенттер қатысты.

Аталмыш жиында 7 студенттік деканат, «Достық» студенттік жастар ұйымы, «Студенттік омбудсмен», «Саналы ұрпақ» студенттік клубы, «BIZ BIRGEMIZ» волонтерлық қозғалысы , «KDM TEAM» жастар ұйымы, «JAS OTAN» JQ, «ENACTUS» жастар ұйымы, «ЕОА» клубтары өз жұмыстары бойынша есеп берді. Жиын барысында әр ұйым, клуб жыл бойы атқарған жұмыстары жайлы айтып, жетістіктерімен бөлісті.

Қорытынды сөзде Ержан Әмірбекұлы университетте көп жұмыстар атқарылып жатқанын, оқу ордамыздың алға қарыштап дамуы үшін студенттердің қосар үлесі аз еместігін айтты.  «Жаңа оқу жылынан бастап 100 студентке 100 стипендия тағайындай отырып, білімді студентті әртүрлі жобаларға шақыруды ойластыратын боламыз. Сонымен бірге студенттік сайлау өткізіп, студенттік президент тағайындау керек. Біздің жастар «адалдық, тазалық, креативтілік» осы үш құндылықты кез-келген жерде дәріптеп жүрулері керек. Университеттің жағдайын жақсартуға, мүмкіндігін кеңейтуге ынталанатын студентті біз әрдайым қолдаймыз! Ел іргесінің берік қалыптасуы білім мен шығармашылықты қатар алып жүрген бәсекеге қабілетті жастардың қолында», - деді ректор өз сөзінде.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1288 раз
Top