ПОЛЬШАДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Польшада өткен әлем чемпионатына Дулати университеті «Дене шынықтыру» кафедрасының 2-курс студенті Диас Молжигитов бокстан жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жарыстың талабы бойынша команданың барлық мүшелері COVID-19 сынамасын тапсырды. Чемпионатқа әлемнің 52 елінен 2002-2003 жылдары туған 414 жас жігітермен қыздар қатысты.

Спортшымыз Диас Молжигитов 75 кг салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды, 1/16-финалдық жекпе-жекте Молдава спортшысын 2-раундта айқын басымдылықпен ұтты,1/8-финалда Венесуэла спортшысын 5:0 есебімен ұттып, ширек финалда Литва спортшысын бір ауыздан төрешілердің шешіменен жеңіске жетті.

Шаршы алаңда төрт кездесу өткізіп, қола жүлдеге ие болған жеңімпазымызды  шын жүректен құттықтаймыз!

жарысыx

 

 Медиа-қызмет

Прочитано 1143 раз
Top