ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІН

Қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі ұлттық құндылықтарымызды негізге ала отырып, Ислами тұрғыдан сауатты болып қалыптасу.

Осы ретте Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылық және дін» тақырыбы бойынша тәлімі мол тәрбие берер кездесу өтті.

Жиынның мақсаты, жастарымыздың жат ағымға еріп кетуін алдын алу, тәрбиелік және діни білімдерін арттыру.

Университетіміздің студенттері және тәлімгер ұстаздарымен болған кездесуде арнайы бейнероликтер көрсетіліп түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мемлекетіміздегі діни конфессиялар жайлы және өзге жат діни ағымдар жөнінде түсіндіру мәселелері қозғалды.

Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы Ерзат Жақыпов мырза өз сөзінде «Ұлттық құндылықтар атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары мен ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Сол құндылықтардың арқасында біз өзіміздің халықтық қалпымызды сақтап, әлемге танылып отырмыз. Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба деп өз білімімізді арттырғанымыз дұрыс» деп жиналған көпшілікке тарихымыздан бірнеше мысалдар келтірі отырып айтты.

Сөз соңында студенттерге ВК әлеуметтік желілерінде жат ағымды насихаттайтын топтардан шығып кетуді және өте сақ болу керек екендігін ескертті. Себебі, уақыт өте келе бұл негізде Жамбыл облысында базалық тексеру жүргізіледі. Табылған жағдайда әкімшілік-құқық бұзушылық жағдайы бойынша іс қозғалатынын ескертті.

фотоx

Медиа-қызмет

Прочитано 1509 раз
Top