ҰРПАҚТАРЫ ҰЛЫЛАРЫН ҰМЫТПАЙДЫ

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлылардың үндестігі» атты театрландырылған музыкалық қойылым өтті.

Бас ғимараттың акт залында өткен концерттің мақсаты- Қазақ елінің ағартушы қоғам қайраткерлері, елім, жерім, атамекенім, тілім, дінім, салт-санам деп өткен қазақтың біртуар қоғам қайраткерлерін сахнадағы идеялы-тақырыптық үндестігін сахналау арқылы, рухани жаңғырту негізінде студент жастардың ұлттық-рухани мәдениетін қалыптастыру. Өнер - рухниятымыздың асыл қазынасы, ұлттық болмысымыздың алтын діңгегі. Өнер арқылы тарихымызды танып, елімізді түзейміз, көрерменге ой салып, ұлттық санамыз бен идеямызды, салт-дәстүр мен әдебиетімізді көркемдеп, насихаттаймыз.

Аталмыш жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма - төрағасы ректор м.а Ержан Әмірбекұлы, ҚХА Қоғамдық келісім және облыстық халық шығармашылық орталығының өкілдері, облыстық қазақ драма театры және орыс драма театрының директорлары мен студент жастар, университет оқытушылары қатысты.

Қойылымда ұлы тұлғаларымыз - Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Мұқағали Мақатаевтың бейнелері студенттердің қатысуымен көрініс тауып, шығармалары көрермен назарына ұсынылды.

Қорытынды сөзде университет ректоры м.а Ержан Әмірбекұлы Ыбырай        Алтынсариннан, Мұқағали Мақатаевқа дейінгі қазақтың ертеңі үшін аянбай терін төгіп, жанын берген азаматтардың ұлылығын көрсету, сол үндестікті бүгінгі ұрпақтын бейнесімен алып келу өте сәтті шыққанын айтты. «Еліміздің ертеңі өткенімен байланысты»,- деп 1-курс студенттеріне алғысын білдірді.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.

iЖИЫН2xiЖИЫН3xЖИЫН77exДиадаx

 

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1341 раз
Top