ТАУ-КЕН ҒЫЛЫМДАРЫ ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯСЫНА - 5 ЖЫЛ

«Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясы» АҚ құрылуына 5 жыл толуына орай академияның жалпы мәжілісі ұйымдастырылып, онлайн форматта вебинар өтті.

Жиынға академияның Президиумы, Республика бойынша барлық өңірлердегі филиалдары, Ресей, Украина, Германия, Өзбекстан елдеріндегі халықаралық серіктестері қатысты. Мәжіліс жұмысы академияның Президенті, тау-кен саласындағы белгілі ғалым Н.Б. Рыспановтың жетекшілігімен өткізілді.

Жиын барысында академияның атқарған жұмыстары, қол жеткізген жетістіктері мен болашақ жоспарлары баяндалды. Өңірлік филиалдардың есептік ақпараттары тыңдалды. ҚР еңбегі сіңген тау-кен саласының бірқатар ғалымдары мен мамандары академияның «Тау-кен саласының батыры» төсбелгісімен және «Тау-кен саласының үздігі» медалімен марапатталды. Академияның құрамы жаңа мүшелермен толықты.

Мәжіліске университет ғалымдары – Тау-кен ғылымдары ұлттық академиясының Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі, академик И.И. Бекбасаров, академик И.С. Тілегенов және ғалым хатшысы, «Қазақ құрылыс және сәулет ҒЗИ» АҚ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры М.Н. Байтемиров қатысты.

Академияның Жамбыл облыстық филиалы 2017 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті негізінде құрылған болатын. Сол кезден бері облыстық филиал академияның барлық іс-шараларына тұрақты түрде қатысып, өңірдің өзекті мәселелерін шешуге өз үлесін қосуда.

Академия құрамында Жамбыл облыстық филиалының да қол жеткізген жетістіктері аз емес. Филиал жұмысының негізгі бағытын геотехникалық зерттеулер мен ғылыми ізденістер құрайды. Бұл бағыттағы жұмыстар облыстық филиал басшысы, академик И.И. Бекбасаровтың жетекшілігімен орындалуда. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 25 өнертабысқа инновациялық және пайдалы модель патенттері алынды, отандық және халықаралық рецензияланатын басылымдарда мақалалар жарияланды, 3 ғылыми монография 2021 жылы ресейлік «Инфра-М» баспасында жарық көріп, Znanium платформасына орналастырылды. Аталған бағытта PhD дәрежесі бойынша докторлық диссертациялар да дайындалуда. Докторанттар Е. Атенов, Н. Шаншабаев және Қ. Сүйенішбаеваныңзерттеу жұмыстарының нәтижесінде 2 қадалы конструкция әзірленіп,олардыөндірісте жасау үшін қажетті жұмыс сызбалары мен жобалау бойынша ұсыныс құжаттары дайындалды. Су бөгеттерінің құрылысы үшін пайдаланылатын көп құрамды топырақтардың оңтайлы ылғалдығы мен тығыздығын анықтаудың жаңа әдістері ұсынылды.

ТАК КЕН1xТАУ КЕН 3x

Медиа-қызмет

Прочитано 1247 раз
Top