ТАРАЗ – ҒАСЫРЛАР КУӘСІ

18-сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтарымыз бен мәдени мұрамызды сақтау басты борышымыз» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - Жамбыл облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар және тарихи ескерткіштер туралы мағлұмат беру. Ел тарихымен біте қайнасып жатқан құнды ескерткіштерімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оларды мәдени мұра ретінде сақтау борышымыз екендігін түсіндіру.

Жиынға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев, «Су шарушылығы, экология және құрылыс» институтының директоры Құдайберген Бейсембин, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры Қуаныш Кәрібайұлы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, доцент Ермекбай Серікбаев және студенттер қатысты.

Алғаш болып сөз алған Нұрлан Дүйсенәліұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, жастарға тарихтың күре тамыры саналатын көне шаһар – Тараз туралы және ғасырлар бойы сақталған құнды жәдігерлер жайлы айтып берді.

Келесі баяндамашы Құдайберген Бейсембин облысымыздың тарихи орындарының маңыздылығын айтып, өткен күнін, тарихын біліп, оны құрметтемеген халықтың болашағы бұлыңғыр екенін студенттерге түсіндірді.

Іс-шараның келесі қонағы Қуаныш Дәурембеков «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Келесі сөз тізгінін алған т.ғ.к., доцент Ермекбай Серікбаев «Хан тауы мен Қозыбасы өңіріндегі Қазақ хандығының ескерткіштері туралы тың деректермен бөлісті.

Сонымен қатар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің инспекторы мен тарихшысы да студенттерге ежелгі Тараз ескерткіштері туралы қызықты әрі қажетті мәліметтер айтып берді.

Жиын соңында студенттер өзара  пікір алмасып, қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып жауап алды.

Кон1exкон3x

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1447 раз
Top