2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ «КУРАТОРЛАР МЕКТЕБІ» КУРСЫНЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор А.Е. Наурызбекованың бекіткен бағдарламасы бойынша, «Кәсіби даму және карьера орталығының» ұйымдастырыуымен курс 2 лек бойынша on-line режимінде. Zoom платформасында, whatAspp желісі арқылы 1.03.2021 - 20.03.2021 жыл аралығында «Кураторлар мектебі» курсы өткізілді. Бағдарлама негізі «Психология және педагогика» кафедрасының ұйымдастырылуымен жүргізілді. «Кураторлар мектебі» оқу курсына тыңдаушылар қабылдау туралы №22, 22.02.2021ж бұйрық негізінде 38 профессор-оқытушылар құрамы тыңдаушылар қатарына қабылданды. Курстың алғашқы лекциясын «COVID-19» коронавирусын жұқтыруға жол бермеу үшін сақтық шаралары. (Өзіңді және жақыныңды сақтау үшін нені білу маңызды?) тақырыбында, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы. АКСМ жөніндегі жауапты дәрігер, фтизиатр, Тиленшиева Гулдана Рапильбековна қатысушыларға whatAspp желісінде ақпарат берді және қатысушылардың сұрақтарына онлайн кеңес жүргізді.

3.03.2021ж. Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейінің ғылыми қызметкері- Шаизхан Ұ. Ш Zoom платформасында «Тарихи-мәдени мұра- баға жетпес қазына» тақырыбында лекция жүргізіді. Лектор тыңдармандарға Жамбыл обылысындағы тарихи-мәдени нысандар туралы ақпарттар беріп, сұрақ-жауаптарымен алмасты.

4.03.2021ж. Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Қарымбаева Күлзинат Мейрамбайқызы – «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі, доцент., ф.ғ.к. «әл-Фараби және Абай әлемі» тақырыбында Zoom платформасында лекция жүргізіді. Лектор Өзіндік даму, өзіндік жетілу өзіндік жүзеге асыру технологияларын, Абайдың «Толық адамы» мен әл-Фарабидың «Кемел адам» арасынан ара-жігін ажыратып мысалдармен тыңдармандарға өте жақсы жеткізе білді.

 
 

5.03.2021 ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлы –Дінтану бөлімінің бас маманы «Жастар арасында діни экстремизмге қарсы рухани иммунитет қалыптастыру» тақырыбында Zoom платформасында лекция жүргізіді.

 
 

9.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Тулебаев Равиль Қуанышбаевич – ҚР ммемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті бастығының бірінші орынбасары. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес-баянды болашақтың кепілі» тақырыбында Zoom платформасында лекция жүргізіді

10.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Кульбаева Дина Дуйсебайқызы –«Философия және саясаттану» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. «Рухани жаңғыру –ұлттың жаңа болмысын қалыптастырудың негізі» тақырыбында Zoom платформасында лекция жүргізіді. Елбасы Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгерту қажеттігі жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліскен еді.

 
 

11.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Арман Әубәкір - «Адырна» Ұлттық этнографиялық бірлестігінің жетекшісі. «Ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу - ұлтжанды ұрпақ тәрбеиелеу негізі» тақырыбында Zoom платформасында лекция жүргізіді.

 
 

12.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Қазақстаннның қасиетті орындарының географиялық картасына енген, Жамбыл облысы аумағында орналасқан тарихи мәдени ескеркіштер туралы ақпарат Zoom платформасында, Санатбаева Асылай, Облыстық «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру» дирекциясының қызметкері лекция жүргізіді. Лектор Қазақстаннның қасиетті орындарының географиялық картасына енген, Жамбыл облысы аумағында орналасқан тарихи мәдени ескеркіштер туралы құнды мағлұматтар берді.

 
 

08.12.2020ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында «Суицид: психикалық бұзылыстар, себептері, түрлері, психопрофилактикасы» тақырыбында Zoom платформасында «Психология және педагогика» кафедрасының доценті, псх.ғ.к. Турдалиева Ш.Т. лекция жүргізді. Суицид әрекетін жасауға ниеттенген адамның эмоциялық күйін, адамдар арасында суицидті әрекетті болдырмау және эмоциялық күйзелістерін түзету мақсатында ұйымдастырылатын психопрофилактикалық жұмыс ерекшеліктерімен курсқа қатысушыларды таныстырды.

 
 

15.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқық бұзушылық шаралардан сақтандыру бойынша кеңес беру бойынша Zoom платформасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өіңірлік университеті Sanaly urpag жобалық фронт офисінің бас маманы, «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының аға оқытушысы Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы лекция жүргізді.

 
 

17.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Берікқожа С. Жамбыл облыстық басқарма басшысы «Жастар-жасампаздық бастауы» Еліміздегі жастар саясаты, жастарды ынталандыру жұмыстары, тақырыбындағы лекцияны ватсап желісі арқылы курс тыңдармандарына баяндама жасады.

18.03.2021ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының басщысының орынбасары Жақыпов Ерзат Жасқанбайұлы «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» тақырыбындағы лекцияны Zoom платформасында арқылы курс тыңдармандарына баяндама жасады.

19.03.2021ж.«Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында «Гендерлік теңдік – отбасы құндылығын көздейді» тақырыбында Zoom платформасында Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы- Нурумова Гүлдара Алданышқызы шолу лекциясын жүргізді. Бұл ретте, әйел адамның заманауи қоғамдағы жағдайына, оның әлеуметтік белсенділігі мен жұмыспен қамтылуына қарама-қайшы келетін өрескел отбасылық құндылықтаржайлы сөз қозғады.

 
 

24.12.2020ж. «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсында Сламбекова Ұ.- Тараз қаласының әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы орынбасары Есіркепов Абзал Есенұлы Жастар саясаты – Бүгінгі күннің өзекті мәселелері, жастардың құндылық-патриоттық бағдарларын тақырыбындағы мәселені Zoom платформасы арқылы курс тыңдармандарына баяндап, сұрақ-жауап алмасты.

Жалпы курс 2 семестрде 14 дәріс 28 сағаттан тұрды. «Кураторлар мектебі» курсының тыңдаушыларының бекітілген жалпы саны бірінші семестрде 8 факультеттен 38 оқытушы курстан өтті.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент

Прочитано 1370 раз
Top