«МЕН – БОЛАШАҚ КӨШБАСШЫМЫН! » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОВОРКИНГ

«Ұстаз» институты «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Клара Бузаубакова мен аға оқытушы Сәуле Бупетаеваның ұйымдастыруымен «Білім берудегі менеджмент» пәнінен «Білім беру менеджерлерінің көшбасшылығы және көшбасшылық қасиеті» тақырыбында ашық сабақ   «Мен – болашақ көшбасшымын!» педагогикалық коворкинг   форматында өтті.

Республикалық педагогикалық коворкингке университет ректор м.а., э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы және «Ұстаз» институтының директоры, э.ғ.к., доцент Орынқыз Джолдасова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.к. Улбосын Қыяқбаева, Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Алмаз Наржанов және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Өміржан Сқақов, Тараз қаласындағы   Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің директоры Баймұрат Жақсыбеков және директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Идиятова, Тараз қаласындаңы №47 орта мектебінің директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Керімбекова және болашақ педагогтер қатысты.

Педагогикалық коворкингтің мақсаты–«Көшбасшы» ұғымының мәнін және сапалық ерекшеліктерін ашып көрсету; болашақ педагогтердің көшбасшылық құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Педагогикалық коворкинг 4 алаңда жұмыс жасады:

1) «Ұлыдан ұлағат»   педагогикалық идея алаңы;

2) «Мен көшбасшы боламын!» инновациялық жоба алаңы: Парламент отырысы;

3) «Сіз көшбасшы бола аласыз ба?» өзіңді таныт: сынақ алаңы;

4) «Сыр-сұхбат» педагогикалық ашық алаңы.

«Ұлыдан ұлағат»   педагогикалық идея алаңында Г-19-1 тобыныңбілімгері Ернұр Хаирбеков әл-Фараби еңбектеріндегі көшбасшы ұғымдарынының мәнін зерделеп,«Қайырымды қала тұрғындары» еңбегіндегі «кемел адам» ұғымын ақыл-парасаты тоғысқан адам, жол көрсетуші, үлгі беруші, үміттендіруші мағынасында қарастырып мәнін ашты. Ф19-1 тобы білімгері Диас Азимбеков Ж.Баласағұни еңбектеріндегі «Хас Хажиб», «Бас уәзір», «Ұлы кеңесші» ұғымдарының мағынасы «көшбасшы » ұғымымен бара-бар екенін негіздеп, көшбасшы бойында   болуыға тиісті әділет, бақыт, ақыл-парасат, қанағат, ізгілік және т.б. ұғымдардың мәнін ашса, ал М20-1 тобының білімгері Нұржігіт Абдықапаров М.Х.Дулати еңбектеріндегі көшбасшылықтың мәнін саралады, Г-19-1 тобының студентіАсылжан Кенже Абайдың «Толық адам » тұжырымдамасының мәнін ашып көрсетті.Ф 19-1 тобының білімгеріЖанерке Үсенбек көшбасшының тұлғалық, кәсіби,

іс-әрекеттік сапаларын ажыратты.

«Мен көшбасшы боламын!» инновациялық жоба алаңы: Парламент отырысында болашақ көшбасшылар «Парламент отырысында» болашақ мектеп директоры, аудандық     (қалалық) және облыстық білім беру бөлімдерінің басшысы, ҚР Білім жіне ғылым министрі, мемлекет басшысы ретінде сөз алып,Қазақстан Республикасындағы білім берудің қазіргі жаңдайына SWOT-талдау жасап, өздеріңің авторлық инновациялық жобаларының тұсаукесерлерін жасады.

«Егер мен директор болсам ...» айдарымен сөз алған ИНФ 19-1 тобы білімгері

Сауле Забибулла «Оқуға құштар мектеп» жобасынан «Оқуға құштар жас өрен» инновациялық жобасы көпшілік көңілінен шықты. Болашақ көшбасшының ойынша, кітап оқымаған жас ұрпақтың қиялы ұшқыр болмайды, сындарлы ойлай алмайды. Болашағы бұлыңғыр.

«Егер мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысы болсам ...» айдарымен сөз алған М 19-1 тобының білімгері Амина Тойшиева көшбасшының бойындағы кәсібилік, ізгілік және шапағаттылық қабілеттеріне басымдық берді.

«Егер мен ҚР білім және ғылым министрі болсам ...» айдарымен сөз алған Г19-1 тобының білімгері Кенже Асылжанның Жобасы жоғары бағаланды: білім беру ұйымдары мен жалпы орта білім беретін мектептердің ынтымақтастық байланыста болуы; болашақ педагогтерді тек мемлекеттік тапсырыс (грант) негізінде оқыту; мұғалімдік мамандыққа бейімі бар дарынды оқушыларды   педагогикалық мамандықтарға тарту үшін жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарында «Мамандыққа кіріспе», «Педагогикаға кіріспе» пәнін мектеп бағдарламасына таңдау пәндері ретінде енгізу; білім алушыларға «Тегін интернет» пакетін ұсыну; ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиеге басымдық беру.

«Айтарым бар ... » ашық микрофон айдарындағы «Сәттілік»   фортунасында   университет ректор м.а. Ержан Әмірбекұлы болашақ педагогтерге креативті көшбасшы болудың таңғажайып сырларын ашып, өзінің іс-тәжірибесінде нәтижелі пайдаланып жүрген ұжымды менеджмент тұрғысынан басқарудың негізгі қағидалары мен заңдылықтарын шебер жеткізе алды.

Ал Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, п.ғ.к. Улбосын Қыяқбаева Джон Максвелдің «Көшбасшылықтың теріске шығарылмайтын 21 заңының» толықтай ашып көрсетті.

Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің директоры   директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Гүлзира Идиятова «Сен қандай көшбасшысын?» педагогикалық тренингін жүргізіп, болашақ педагогтердің өздерінің бойындағы көшбасылық қасиеттерін сынауға мүмкіндік берді.

Педагогикалық коворкинг қатысышылар «Сергіту сәті» айдарында Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің директоры Баймұрат Жақсыбеков пен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Г19-1 тобының студенті Кенже Асылжанның шахмат барысында  көшбасының қолданбалық және коммуникативтік қабілеттерінің қаншалықты маңызды екенін тамашалады.

Дулати университетінде алғаш ұйымдастырылған   Республикалық педагогикалық коворкингтің педагогикалық тағылымы мол болды.

кошщ3x

мен кощ2

 

Клара БУЗАУБАКОВА

«Білім берудегі менеджмент

кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

Прочитано 1464 раз
Top