БІЛІМ БИІГІН БІЗБЕН БАҒЫНДЫР!

«Бәсекеге қабілетті мамандар даярлау — заман талабы» Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж бітіруші түлектерімен кәсіптік білім беру жұмысы бойынша онлайн кездесу өтті.

 Дулати университетінің кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының профессор-оқытушылары Тараз қаласының Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін бітіруші түлектерімен онлайн форматта кәсіби бағдар беру жұмыстарын бастап кетті. Атап айтқанда кафедра меңгерушісі п.ғ.к, доцент А.Т. Кенжебаева және аға оқытушы М.Р. Касымов, оқытушы Н.А.Шынтаева  кәсіби бағдар беру жұмысын университеттің қабылдау комиссиясының өкілдерімен бірігіп жүргізді.

Дулати университеті туралы жалпы мағлұмат бере отырып, педагогикалық мамандықтар жайлы ақпараттар легі берілген слайдтар ұсынылды, сондай-ақ университетке түсу ережелері, ҰБТ жаңа форматында өтетіні, сонымен бірге құжаттарды электронды форматта даярлау және тапсыру туралы егжей-тегжейлі кеңес берілді.

Кездесу барысында педагог кадрларға деген сұраныс туралы сөз қозғағанда  мынадай ойлар айтылды. Мысалы, біздің Жамбыл облысы өңірінде педагогикалық кадрларға деген сұраныс өте жоғары. Облыстық білім басқармасының тапсырысына сәйкес, 2020-2021 жылы бірқатар педагогикалық мамандықтар бойынша сұраныс жоғары. Әсіресе, бастауыш сынып мұғалімі, мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі және әдіскері, жаратылыстану-математика пәндерін ағылшын тілінде жүргізетін мұғалімдерге деген сұраныс өте жоғары.

Біздің университетіміздің жетістігі бітірушілердің  практикалық дайындығына аса көп көңіл бөлінуде. Қазір ЖОО үшін өз түлектерінің бойында тек кәсіби біліктілік дарытып қана қоймай, оған қоса іргелі теориялық дайындық пен жеткілікті практикалық дағдылар кәсіби құзыреттілік қалыптастыру аса маңызды роль атқаруда. Ол үшін маман даярлау барысында жұмыс берушілердің пікірлері мен ұсыныстарына жете көңіл бөлінуде.

Білім алушылар контингенті кез-келген ЖОО қызметі табыстылығының басты индикаторы. Контингент арқылы жоғары оқу орнының қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын, профессор-оқытушылар құрамының, материалдық-техникалық базасының сапасын және т.б. бағалауға болады. Біздің университеттің білім алушылар контингенті жылдан-жылға артып келеді.  Қазіргі уақытта 20000 жуық студен білім алуда.

Маман белгілі бір білімдерді игеріп қана қоймай, сонымен қатар жаңалық іздеу әдіснамасын меңгере отырып, оны өндіріске енгізе алуы тиіс. Студенттерінің зерттеу жобаларына кеңінен қатысуы, ғылыми конференциялар мен семинарларда баяндама жасаулары олардың зерттеуші-студент ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Мысал үшін айтар болсақ, біздің университетте соңғы жабдықтармен жасалған ғылыми зертханалар жұмыс жасауда. Соңғы курс аяғына таман олардың көбінде студенттер тарапынан 100- деген ғылыми мақала мен тезистер жазылады. Студенттердің осындай зерттеуге деген белсенділігі аспирантурада, магистратурада, докторантурада оқу кезінде жалғасын тауып, ғылыми диссертацияларын сәтті қорғауына себеп болуда.

Бәсекеге қабілетті кәсіби маман даярлау -  біздің университет ПОҚ үшін басты міндет. Сол себепті, бар күш-жігерімізді осы мақсатқа жұмсауға дайынбыз.

Кездесу соңында колледж түлектері арнайы университетке келіп, жақынырақ танысқысы келетіндігі жайлы және біздің оқу орнын көбісі қалайтынын айтып жақсы ниеттерін білдірді.

Медиа-қызмет

Прочитано 1299 раз
Top