ТАҒЫЛЫМ МЕН ТАНЫМҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ

Дулати университеті «COWOR KING ZONE» кітапханасында облыстық мәслихатының депутаты Ерқанат Манжуовпен «Парасатылық жолымен» атты кездесу өтті.

Іс-шараға Дулати университетінің профессор-оқытушыларымен, студенттік омбудсмендермен, «Sanaly urpaq» фронт офисінің мүшелері қатысты.

Жиынды облыстық мәслихатының депутаты Ерқанат Нұрбапаұлы «Тақырыпқа сай мына жерде отырып, әдемі сөздер айтуға болады, бірақ мен нақты сұрақтарға жауап берейін, ой бөлісейік...» деп аффоризмге толы әдеби сөздермен емес, жалынды, жаттанды мәтінмен емес, қоғамдағы мәселелерге қатысты сұрақ-жауаптан бастады.

Сондай-ақ бұл ашық диалогта ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Дәурен Омаров та өз ойын ортаға салып, жемқорлық, адалдық пен тазалыққа қатысты қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Екі сағатқа жуық диалогта Е. Нұрбапаұлы кәсіпкерліктің қыр-сырымен бөлісіп, қазіргі қоғамның негізгі дерті болып отырған жемқорлық туралы өзіндік көзқарасын білдіріп, жастарды білім алуға шақырды, мүмкіндігінше өз кәсібін ашуға, сауатты бизнес жобасын құруға кеңес берді. Кәсіпкерлік жолда кездесетін жемқорлық қауіптері туралы ескертіп, оның алдын-алу, болдырмау жолдарын да тілге тиек етті.

Депутат ретінде мінберде көтеріп жүрген өзекті тақырыптары бойынша да айта отырып, өз сөзін: «Болашағын ойлайтын ұлт-жемқорлыққа жол бермеу керек, сананы дұрыс ойлау арнасына бұру керек»,-деп қорытты.

Кездесу соңында Ерқанат Нұрбапаұлы студенттік омбудсмендерге құжаттары мен төсбелгілерін табыстап, естелікке суретке түсті.

Ерқана1xЕрқанат 4exЕрқанат2x

Медиа-қызмет

Прочитано 1193 раз
Top