ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ЖАҢА ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

ҚР БжҒМ отандық ЖОО-да жұмыс жасайтын диссертациялық кеңестердің типтік ережелерін 2021 жылдың 29 наурызында қайта бекітуіне байланысты қазіргі уақытта Сапаны қамтамасыз ету комитеті тарапынан жаңа ережелерді түсіндіру бойынша вебинарлар ұйымдастырылып, өткізілуде. Вебинарлар 2021 жылдың 6-9 сәуір аралығында 14.00 сағаттан бастап, ZOOM платформасының көмегімен өтуде.

Іс-шараға отандық ЖОО-ның ғалымдары, мамандары мен докторанттары көптеп қатысуда. Вебинар барысында Комитет мамандары қатысушылардың толассыз сұрақтарына тұжырымды жауаптар беріп, жаңа ережелердің қолданылу ерекшеліктерін баяндауда.

Вебинарға университет ғалымдары мен докторанттары да үздіксіз қатысуда. Диссертациялық кеңес төрағасы С.М. Қойбаков, ғалым-хатшы Ғ.Е. Омарова, кеңес мүшесі И.И. Бекбасаров, «Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар» мамандығының, сондай-ақ «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының докторанттары вебинар барысында құнды ақпараттармен танысты. Біздің докторанттар белсенділік танытып, мамандарға бірқатар сұрақтар қойып, диссертациялық кеңестің жаңа жұмыс тәртібіне қатысты түсініктемелер алды.

Дулати университетінің диссертациялық кеңесінің жұмысына және докторанттарға сәттілік тілейміз!

IMG 20210408 WA0014                                                                                                                                                                                                                                                                                   Медиа-қызмет
                          

Прочитано 1165 раз
Top