«DULATY UNIVERSITY ХАБАРШЫСЫ» ЖӘНЕ «МЕХАНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ЖУРНАЛДАРЫНЫҢ 2021 ЖЫЛҒЫ №1 САНДАРЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жаңартылған «Dulaty University Хабаршысы»  журналының  алғашқы  саны және «Механика және технологиялар» журналының 2021 жылғы №1 саны жарыққа шықты. Журналдарға жарияланған  мақалалар электронды форматта http://journal.tarsu.kz  мекен жайы бойынша орналастырылған.

«Dulaty University Хабаршысы»  журналының алғашқы санында 18 мақала жарық көрді, оның 50% университеттен тыс ғалымдар еңбектері. Авторлар қатарында Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей Федерациясы),  И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы), Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Қарағанды ​​техникалық университеті,  Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты және т.б. отандық және шет елдік ЖОО-ның ғалымдары бар.

Атап өтетін жайт, биылғы жылдан бастап университеттің ғылыми журналдар редакциясы өз  жұмысын жаңа жүйемен ұйымдастыруда. «Dulaty University Хабаршысы» журналының  алғашқы  санына және «Механика және технологиялар»  журналының 2021 жылғы №1 санына мақалалар қабылдау ісі цифрлы форматта жүргізілді. Редакция ұжымы ЖАТО мамандарымен бірлесіп алғаш рет онлайн платформа жүйесін әзірлеп, іске қосты. Аталған платформа мақалаларды толығымен электронды форматта қабылдауға және рецензиядан өткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде платформа http://journal.tarsu.kz  мекен жайы бойынша жұмыс жасауда.

Осылайша журналдарға мақалалар қабылдау, рецензиялау және жариялау тәртібі толығымен ҚР БжҒМ №170 (30.04.2020 ж. қабылданған) бұйрығында бекітілген талаптарға  сәйкестендірілді.

Қазіргі уақытта журналдардың 2-санына мақалалар қабылдау ісі жүргізіле бастады. Дулати университетінің оқытушылары мен ғалымдарын және отандық ЖОО-ның мамандарын  «Dulaty University Хабаршысы» және «Механика және технологиялар» журналдарының тұрақты авторлары болуға шақырамыз.

Прочитано 1326 раз
Top