ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

Кезекті ғылыми кеңес жиынында бірқатар жетістікке жеткен профессор-оқытушыларымыз бен студенттеріміздің еңбегі еленді.

Университет ректоры м.а Ержан Әмірбекұлы   мерейтой иелерін құттықтап, еселі еңбегін айтып, марапаттады.

70 жасқа толуына орай т.ғ.д., профессор Ерман Спандиярұлы Құрмет грамотасымен марапатталса, Исан Сәпиұлына Қазақстанның құрметті профессоры куәлігі, Халықаралық экология академиясының «Звезда славы» куәлігі және төсбелгісі табыс етілді. Сәрсекүл Молдабекқызы, Совет Қожабеков, Баян Көшербаева «М.Х.Дулати» төсбелгісімен марапатталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Хореография білім беру» бағдарламасының студенттері Республикалық пәндік олимпиядадан жүлделі орынға ие болды. Жеңімпаз студенттеріміз дипломдармен, топ жетекшісі Хадия Караматуллаева жастарды тәрбиелеп, өнер саласына болашақ мамандардың қалыптасуына қосқан үлесі үшін университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.

Тағы бір жағымды жаңалық, Дулати университеті Португалия, Ресей, Польша және т.б елдерінің университеттерімен бірлескен білім беру (екі дипломдық білім беру) бағдарламасын жүзеге асырып жатқаны бәрімізге мәлім. Бірлескен білім беру бағдарламасы бойынша екі рет магистратура түлектері оқуларын бітіріп, «магистр» академиялық дәрежесіне және мемлекеттік үлгіде дипломдарын алған болатын. Соның бірі Дулати университеті мен Браганса политехникалық институты арасында жасалған халықаралық келісімшарт негізінде бірлескен білім беру бағдарламасы аясында магистрантымыз білім алды. «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының магистранты Николай Юрьевич онлайн түрде магистрлік диссертациясын қорғап, аттестациялау комиссияларының шешімімен тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріліп, мемлекеттік үлгідегі диплом табысталды.

марап5ex

 

марап2dexinмара4марап1x

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1212 раз
Top