ҒАЛЫМДАР ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯДА ОЙ БӨЛІСТІ

Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің ұйымдастырумен университетіміздің Тәуелсіздік залында жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдарымен «Сандық қоғам адам дамуының мәдени және тарихи байланысы ретінде: Сандық мәдениеттен кибермәдениетке дейін» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Аталған іс-шараға еліміздің және шетел жоғары оқу орындарының ғалымдары, студенттері мен магистранттары қатысты.

Конференцияны т.ғ.д., профессор, Қолданбалы информатика және бағдарламалау кафедрасының меңгерушісі Манат Тлебаев жүргізді. Алғашқы сөзді университеттің Басқарма төрағасы-ректор м.а., э.ғ.д., профессор Ержан Әмірбекұлы алды. Бүгінгі күні сандық технологияның қарыштап дамығанын айтып, бұл бағытта қауіпсіздіктің аса маңыздылығын атап өтті. Конференция жұмысына сәттілік тіледі.

Келесі сөз Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік ісі жөніндегі вице-президенті, т.ғ.д., профессор Өмірбек Үмбетовке берілді. Өмірбек Үмбетұлы «Туризм жүйесінің сараптамалық кибербизнес моделі» тақырыбында баяндама жасады.

Сөз тізгінін Елорда төріндегі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Жамалбек Тусупов жалғастырды. Болгариядан Кітапханалық зерттеу және ақпараттық технологиялар университетінің профессоры Йоцов Владимир мырза киберқауіпсіздіктің дамуы мен проблемалары төңірегіндегі өз пікірін ортаға салды. Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры Болотбек Бийбосунов «Электрондық ЖАК жүйесін әзірлеу және енгізу» тақырыбында ой ортақтасты. Нұр-Сұлтан қаласынан PhD доктор, Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты, Интеллектуалды жүйелер және технологиялар зертханасының меңгерушісі Мадина Самбетбаева «Компьютерлік лингвистика: табиғи тілдерді оқыту мен өңдеудегі заманауи парадигмалар» тақырыбында баяндама жасады.

Қорытынды сөзді Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің деканы Гауһар Мұратова алып, конференция тақырыбының өзектілігіне шолу жасады. Қатысушы қонақтарға рақмет айтты.


Медиа-қызмет

Прочитано 1275 раз
Top