ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ

«Рухани жаңғыру» жобалық офисі, «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығы мен «Филология және журналистика» кафедрасының ұйымдастырумен Бауыржан Момышұлының жары Баубекова Ғаникамалдың 100 жылдығына орай «Жанымдағы жарым дейді сүйген жарын...» атты онлайн кездесу өтті.

Аталған іс-шараға Санк-Петербургтен Бауыржан Момышұлының қызы аудармашы, өнертанушы , «Мәдениет диалогі» арт- директоры Мусина Мақпал Шахановна. Филология ғылымдарының докторы, жазушы Мамытбек Қалдыбай, профессор-оқытушылар мен Солтүстік Қазақстан облысынан еріктілер қатысты.

Жиында Мамытбек Қалдыбай Бауыржан Момышұлы жайлы естеліктерін, айтып тың мәліметтерді айтылды.

Мақпал Шахановна Бауыржан атамыз Ғаникамал анамызбен қалай бас қосқандары, олардың отбасылық өмірлері туралы, балаларымен қарым- қатынастары жайлы айтты. Батыр Бауыржан Момышұлының қызметі, шығармалары туралы қызықты әрі маңызды ақпараттар айтты.

Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді, модератор қонақтарға алғыс жеткізді.

Бауыржан xбауыржаннx                                                     

                  Медиа-қызмет

Прочитано 1318 раз
Top