АҚ ТІЛЕКТЕР АҚТАРЫЛЫП, АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз тойын ұйымшыл университет ұжымы атап өтіп жатыр. Бірнеше күннен бері әр факультетте түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, қасиетті жұма күні мерекелік концертке ұласты.

Бас ғимараттың акт залында өткен концертте М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы - ректор м.а. Ержан Әмірбекұлы университет ұжымын Наурыз мерекесімен құттықтады. Көктем мен жаңаруды айшықтайтын, халқымыз ұлық санап жылдың басы деп ерекше атап өтетін айтулы күні Ержан Әмірбекұлы университеттің көп балалы ата-аналарын арнайы құттықтап, марапаттады.

Іс-шара әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй шертіліп, бишілер мың бұрала биледі. «Мәдениет және өнер» кафедрасының талантты жастары сахналық қойылым көрсетіп, мерекенің шырайын аша түсті.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылды.

Келіп жеткен Наурыз тойы баршамызға құт-береке ала келсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

 Медиа-қызмет

Прочитано 1467 раз
Top