ЖАСТАР ӘДІЛДІКТІ ЖАҚТАЙДЫ

Дулати университетінде Ted-X форматында «Ózińnen BASTA» тақырыбында конференция өтті. Қатысушы спикерлер алдын ала дайындалған тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, жас ұрпақтың саналы да сауатты болып қалыптасуы үшін, қоғамның өзекті мәселелерін көтеріп, шешу жолдарын ұсынды. Жиынға төрт спикер қатысты.

Тікелей эфирде Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Абзал Есенұлы «Жемқорлықсыз өмірді таңда!» деген тақырыпта ой қозғады. «Жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму және еліміздің өркендеп дамуына, болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Жастарымызды адал оқуға, өзің дамытуға кеңес беремін»- деп жастардың болашағы туралы ойын айтып, пікірін білдірді.

Келесі сөз кезегін алған Технологиялық факультеттің деканы Әймен Әнуарбек Талқаұлы «Әр ісімізден рақат алмасақ, оған адал болмасақ атқан таң мен кешіміздің батқанына қуана алмасақ өмірдің бекер өткені болады. Ертеңгі елді басқаратын, бүгінгі жастарымыз. Сондықтан жастарымыз адалдықты өзінен бастау керек» деп өмірлік азық болар әңгімесімен бөлісті.

Соңымен қатар Байзақ ауданы, Ғани Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры, департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлы, Технологиялық факультеттің студенттік деканы Еркебұлан Берікұлы да өз ойын ортаға салды.

Жиын соңында, студенттердің адал әрі бастамашыл болып қалыптасуы үшін, осы бағыттағы конференциялар өз жалғасын табатындығы айтылды.

1212

 

 

 

 

Медиа-қызмет

 

Прочитано 1243 раз
Top