АДАЛДЫҚ ПЕН ТАПҚЫРЛЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ОЙЫН

«ANTI СORRUPTION QUEST-DULATY» ойыны өз мәресіне жетті. Адалдық пен тапқырлықты ту еткен студенттеріміздің арасынан үздіктерді анықтау оңайға түскен жоқ. Ұйымдастырылған іс-шарада 5 факультет және «Ұстаз» бен «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институттарының студенттері бақ сынады.

Сайыстың әр кезеңінің ерекшелігіне қарай қазылар алқасының мүшелері де өзгеріп отырды. Әр күні қатысушы топтар қоржындарына ұпайлар жинау арқылы алған орнын анықтап отырады.

Алғашқы ереже бойынша квест ойыны 1-5 наурыз аралығында өткізілуі жоспарланған. Бірінші кезеңі 2-наурыз күні Т.Рысқұлов атындағы Орталық қала саябағында өтті. Бұл күні ойынға қатысушылар әр түрлі тапқырлыққа, зияткерлікке және логикаға байланысты тапсырмаларды орындады.

Екінші кезең 4-наурыз күні Жастар сарайының «көк» залында өткізілді. Осы күні студенттер шығармашылық өнерлерін көрсетті. Белгілі бір алдын ала берілген ұйқас сөздерге өлең шығарып, оны әнге салып және би қосып орындау шарт болды. Осы күні әділ-қазылық еткен азаматтарымыз, қазылар алқасының төрағасы болып ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев, мүшелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы – Айбек Ажибаев, «Жамбыл-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің маманы – Әділет Бахытбеков , Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар департаментінің маманы – Жания Құрманалиева, «Sanaly urpaq» жобалық фронт-офисінің бас маманы – Асқар Қадырқұлов.

Соңғы кезең 5-наурызда Жастар сарайының «қызыл» залында өтті. Жастар өзінің ғылыми жобаларын қорғап шықты. Шешуші сәт те осы күні болды, себебі қорытынды ұпайлардың саны нақты анықталды.

Нәтижесінде «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің белсенді студенттері үш кезең бойынша да нәтижелі көрсеткіштерімен ерекшеленіп жүлделі І-орынға ие болды. ІІ-орынға «Экономика және құқық» факультетінің студенттері табан тіреді. Жүлделі ІІІ-орынды «Мұнай-газ ісі және механика» факультетінің жастары иеленді. Жүлделі орын иелеріне бағалы сыйлықтар тарту етілді

Барлық ойынға қатысушы-студенттерге сертификаттар және ұйымдастырушы-студенттерге алғыс хаттар «Антикор» қызметі атынан берілді.

 

 

«Sanaly urpaq» жобалық фронт-офисінің бас маманы – Асқар Қадырқұлов.

Прочитано 1344 раз
Top