ТАНЫМДЫҚ ОЙЫННЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Ұстаз институты, «Үш бас» орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының тұсаукесері өтті. «Дене шынықтыру» мамандығының 1-курс студенттері алғашқы ойыншылар ретінде ойын ережесімен танысып, ойнап та көрді.

Спорттық менеджмент кафедрасының доценті, «Сұңқар» спорт клубының басшысы Бекболат Шилібаев студенттерге дене шынықтыру мамандығының маңыздылығы туралы айтып, қазақ халқының ұлттық ойындары жайлы мәлімет берді. Ұстаз институты директорының оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі  орынбасары Бақыт Әлмұратов сөз алып, ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы жайында ой қозғады. «Қазақ шаңырағы» танымдық ойыны студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырарына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

Естеріңізде болса, Дулати университетінің оқытушылары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ ұлттық ойындарын цифрландыру мақсатында патенттелген «Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының WEB-қосымшасын дайындағаны жайлы жазған болатынбыз. Ойынның мақсаты – «Қазақ шаңырағы» ойынының компьютерлік моделін жасау арқылы қазақ ұлттық ойындарын кеңінен насихаттау, танымал ету, мәдени құндылықтарды тарату.

Ереже бойынша ойын 63 тастан құралады. Тастарда қазақ дүниетамына, құндылығына байланысты суреттер бейнеленген. Ойынды 2 ойыншы ойнайды, 1-ойыншы ойынға кірген адам, 2-ойыншы компьютер. Әр ойыншыда 7 тастан болады.

 

Ойынx

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Медиа-қызмет

Прочитано 1344 раз
Top