ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БИЗНЕС СЕРІКТЕСТІГІ

Президент Қ.К. Тоқаевтың ірі бизнес тарапынан өңірлік университеттерге және олардың ғылыми қызметіне «қамқорлық» жасау мәселесі жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде облыстағы «Заң» және «Өркен» кәсіпорындардың басшылығымен кездесу өтті.

Бүгінгі күні экономиканың нақты секторы мен университеттер арасындағы қалыптасқан стереотиптер мен қатынастардың заңдылықтарына жаңаша көзқарас қажет екенін атап өткен жөн. Кездесу аясында оқу-өндірістік үдерісті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастырдық, университеттің зерттеу жұмысының жоспарын аймақтағы кәсіпкерлік секторымен өзара әрекеттесу тұрғысынан талдадық.

Соңында ынтымақтастық пен байланысты нығайту туралы, сондай-ақ университет пен кәсіпорындардың мүдделеріне жауап беретін бірлескен жобалар, бағдарламалар, іс-шаралар әзірлеу және жүзеге асыру туралы меморандумға қол қойдық.

Біздің серіктестігіміз заманауи зертханалық жабдықтармен жабдықталған ғылыми кластерлерді, пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдана отырып, STEM білім беруді дамытуға, сондай-ақ, жаңа білікті кадрларды даярлауға қызмет ететініне сенімдіміз.

Медиа-қызмет

Прочитано 1266 раз
Top