«ЕСІҢЕ МЕНІ АЛҒАЙСЫҢ» ДЕП ЖЫРЛАҒАН АҚЫНДЫ ЕСКЕ АЛҒАН КҮН

Хантәңір бауырында туып, күллі қазақтың мақтанышына айналған, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 9-ақпан туған күні. Бұл күні Атырау мен Алтайдың арасындағы Алаш жұрты Аспантау перзентін сағынышпен еске алады. Ал биылғы 2021 жылдың жөні бөлек, себебі аталған жылы ақынның 90 жылдық мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылымен қатар келіп отыр.

Салтанатты күнді Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті және жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастыруымен Мұқағали  Мақатаевтың  90 жылдығына арналған «Соғады жүрек» атты кеш болып өтті. Кешке жиналған студенттер ақын жырларын жатқа оқып, өлеңдеріне жазылған әндерді тамылжыта шырқады. Еркін форматта өткен кеште Мұзбалақтың мұрагерлері - болашақ жас ақындар өз өлеңдерімен де бөлісті.

Кеш барысында «Мен поэзияға ғашықпын» атты онлайн байқауда жеңіп шыққан студенттер анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Рухани нәр сыйлаған кеш көрермендердің зор алғысына бөленді.

DSC 0705 compressed

Медиа-қызмет

Прочитано 1331 раз
Top