БАЙҚАУЛАР ЖӘНЕ ГРАНТТАР

Ғылыми зерттеулерді дамыту үшін қаржы ресурстарын тарту тәсілдерінің бірі – ғылыми жобаларды қаржыландыру үшін оқытушылар құрамының байқауларға қатысуы.

Жыл сайын іс жүзінде  Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі арқылы, сондай-ақ басқа министрліктер, ведомстволар мен ұйымдардың қызметі шеңберінде байқаулар ұйымдастырылып, ғылыми жобаларды жүзеге асыруға гранттар беру үшін өткізіледі.

Соңғы үш оқу жылында университеттің профессор-оқытушылар құрамы 12 ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, 80 ғылыми жоба ұсынды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы келесі байқаулар:

  • Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыруға арналған байқау;
  • ҚР ҒЖБМ өткізетін "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған байқау;
  • Ғылыми зерттеулерді нысаналы-бағдарлы қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобалар байқауы, сондай-ақ ҚР ҒжЖБ министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі және Қазақстан Республикасының басқа да ведомстволары үш жылда бір рет өткізілетін байқаулар;
  • ҚР ҒжЖБ Даму және Қайта құру Халықаралық Банкімен бірлесіп өткізген ғылыми зерттеулерді коммерциализациялау үшін ҮҒҚ және КҒҚ топтары үшін гранттарға арналған байқаулар;
  • «Ғылым қоры» АҚ өткізетін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру байқаулары.

ҚР ҒЖБМ 2020-2022, 2021-2023, 2022-2024, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған байқауында біздің ғалымдарымыздың жалпы сомасы 424 768 382 теңгеге 9 жобасы мақұлданды (жоба жетекшілері: Қожамжарова Д., Мұратбеков М., Исабекова Г., Бузаубакова к., Сматова к., Жүнісбеков М., Әлімбаева С.).

2021-2023, 2022-2024, 2023-2025 жылдарға арналған ҚР ҒЖБМ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша және "Жас ғалым" жобасы бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған байқауында біздің жас ғалымдарымыздың жалпы сомасы 252 568 928 теңгеге 9 жобасы мақұлданды (жоба жетекшілері А.Қабдушев, М. Қалмаханова, Е. Атенов, Шаншабаев Н., Қасенова Т., Нүсіпәлі Р., Құдайбергенова Р., Қабанбаев А., Мырзахметов А.).

Университет ғалымдары сыйлықтар, гранттар, атаулы стипендиялар алуға арналған түрлі конкурстарға белсенді қатысады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» ҒЖБМ байқауында соңғы 3 жылда Дулати университетінің 6 оқытушысы жеңімпаз атанды.

2023 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары химия магистрі «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Р.Құдайбергенова және т. ғ. к. «Автоматика және телекоммуникация» кафедрасының профессоры М.Ш. Жүнісбеков ҚР ҒЖБМ Ғылым Комитетінің гранттық қаржыландырудың ғылыми жобаларының жетекшілері болып табылады.

 
 
Құдайбергенова Рабиға Мусапаровна
 
Джунисбеков Мухтар Шардарбекович
 

2023 оқу жылында екі оқытушы (Сматова Клара Бегалиевна және Касенова Толкын Калмахановна) ҚР ҒЖБМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» жыл сайынғы байқауының жеңімпаздары атанды.

 
 
Сматова Клара Бегалиевна
 
Касенова Толкын Калмахановна
 

2021-2022 оқу жылында ҚР БҒМ жыл сайынғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары екі оқытушы болды (Қалмаханова М. С., Кабдушев А. А.).

Кабдушев Арман Арстангалиевич
Калмаханова Маржан Сеитовна

2020-2021 оқу жылында ҚР БҒМ жыл сайынғы "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" байқауының жеңімпаздары төрт оқытушы болды (Абдукаримова З. Т., Абдрахман Г. К., Мыңбаева А. Б., Байтиленова Е. С.).

8

Top