ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде облыс мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні болып өтті. Тестілеу 20-қаңтар мен 2-ақпан аралығында күшейтілген санитарлық-эпидемиялық талаптарға сай, профилактика іс-шараларын сақтай отырып жүргізілді.

2021 жылдың 15 қаңтарындағы Білім және ғылым министрінің бекіткен №19 бұйрығына сәйкес, ҰБТ өткізу бойынша мемлекеттік комиссия құрамы жасақталып, ол төмендегідей құрамда бекітілді:

Комиссия төрағасы - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ректордың м.а. Ержан Әмірбекұлы.

Комиссия мүшелері: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Елеуқызы, облыс бойынша ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Бахытжан Тлеулесұлы, Тараз қалалық маслихат депутаты, «SK Group» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының басшысы Серікбол Берікқожа,     «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы»   АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Алпамыс Шәменұлы. Комиссия хатшысы - М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,   «Экономика және құқық» факультетінің деканы - Қайрат Ернишев.

Мемлекетімізде орын алған пандемияға байланысты санитарлық - эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталып, ҰБТ өткізу ережесінің талаптарына сай қажетті барлық іс-шаралар жасалды.

Дулати университетінің басшылары сынақтық тестілеу басталғанға дейін санитар-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарымен тестілеу пунктерін дайындады. Сыртқы тәртіпті және қауіпсіздікті қадағалау үшін қалалық полиция департаменті қызметкерлері мен университеттің күзет қызметі кезекшілік жасап, тест өтетін әрбір аудиторияға ауыз су (диспенсер) және су ішетін бір реттік стакандар қойылды. Сонымен қатар, аудиториялар орналасқан ғимараттың әр қабатында санитарлық желілер бар. ҰБТ барысын бақылайтын және онлайн трансляциялауды қамтамасыз ететін бейнекамералар орнатылған.

343 талапкерді тестілеуге кіргізу таңғы сағат 7:30-да басталып, 9:00-де аяқталды.

Тестілеуге жалпы 4650 талапкер өтініш білдірсе, оның барлығы осы жылы мектеп бітіруші түлектер, оның ішінде: қазақ тілінде тапсыруға өтініш білдіргендер саны – 3807; орыс тілінде тапсыруға өтініш білдергендер саны – 828; ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдіргендер саны – 15 талапкер.

Университет қабырғасында ҰБТ өткізуге 14 аудитория арнайы (бейнекамермен, кондиционермен және ұялы байланысты оқшаулағышпен (глушитель)) жабдықталған. Оның ішінде 2 аудитория резервте.

Медиа-қызмет

Прочитано 1594 раз
Top