ЕРБОЛАТ «ҮЗДІК СПОРТШЫ» АТАНДЫ

Бұған дейін «Әулие-ата үміті» атанған университетіміздің 2-курс студенті Ерболат Кәрібай жуырда «ҮЗДІК СПОРТШЫ – 2020» номинациясымен марапатталды.

Егемен еліміздің көк байрағын желбіретіп, атын әлемге танытып жүрген Жамбылдық спортшылар жетерлік. Осыған орай өңіріміздің спортшыларын марапаттауға арналған «Жыл үздігі - 2020» атты салтанатты жиын өтті.

Аталмыш жиында облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков өткен жылдың үздіктерін «Үздік спорт бөлімі – 2020», «Үздік аудандық спорт мектебі – 2020», «Үздік облыстық спорт мектебі – 2020», «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен үздік спортшы – 2020», «Ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы» номинацияларымен марапаттады.

Жылдың «Үздік спортшысы» атанған студентіміз Ерболат Сағындықұлы 2020 жылы Манчестер қаласында (Ұлыбритания) өткен пауэрлифтингтен Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанған болатын.

Кезекті марапатты еншілеген студентімізді құттықтай отырып, спорт жолында тек жеңіс тілейміз!

ЕрбоолатЕрболатx

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медиа-қызмет

 

Прочитано 1181 раз
Top