МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

«Мұнай, газ және  механика» факультетінде студенттер мен оқытушылар құрамына азаматтық-патриоттық және құқықтық тәрбие беру, рухани-өнегелі тәрбие беру, әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу, студенттер мен оқытушылар құрамының білімге және дамуға қажеттілігін, әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттері мен тұлғаның коммуникативтік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды өткізу, олардың арасында экологиялық, дене тәрбиесін беру және салауатты өмір салтының денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу, тағылымдамалар ұйымдастыру және жас мамандарды жұмысқа орналастыру, еңбектік және экономикалық тәрбие, интеллектуалдық мәдениетті дамытуға, жас дарындарды дамытуға және қолдауға бағытталған  іс-шараларды өткізу жұмыстары кафедраның тәрбие жұмысы жоспарына сай атқарылып келеді.

Өзінің міндеттерін түсінетін және қабылдайтын, өмірді және өзін, өзінің іс-әрекеттерін рухани-адамгершілік нормалары тұрғысынан дұрыс бағалауға қабілетті толық тұлғаны тәрбиелеу, өзін-өзі, өзінің қабілетін, рухани-адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі дамыту және жетілдіру мүмкіндіктерін таныту тәрбие жұмыстарының негізі мақсаты.

Факультеттің тәрбие жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары;
  2. Жастар саясаты;
  3. Азаматтық-патриоттық тәрбиелеу;
  4. Рухани-адамгершілік тәрбие;
  5. Құқықтық тәрбие;
  6. Шығармашылық белсенділікті дамыту;
  7. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  8. Кәсіптік-еңбек тәрбиесі;
  9. Кураторлық жұмыс;
  10. Жатақхана

Студенттеріміз «Жас Отан» жастар қанаты, Студенттік парламент,  «Қазақстан Студенттер Альянсы» студенттік ұйымдарға және «Еркін ойлар алаңы»,«Жайдарман», «Жасыл ел» ЖЕЖ, «STREET WORKOUT TarSU» , "Жеті қазына" тәрізді жастар клубына белсене қатысып келеді.

Факультеттің студенттері Казакбаева Динара және Мусакулова Майра халықаралық әйелдер күніне арналған, әр жылдары өткен «Көктем аруы» және «Тараз Аруы» байқауларының гран-при жеңімпаздары болды.

 
 

Факультет студенттері Жасыл-ел бағдарламасы бойыншада жұмыс істеп көзге көріне білуде. Осылардың ішіндегі ең үлкен жетістігіміз және мақтанышымыз – ол институт қабырғасынан құрылған «Алға» студенттер құрылыс жасағы. 2011 жылы факультеттің “АЛҒА” (командирі Жылысбаев Қанат) студенттік құрылыс отряды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» облыстық марафон-эстафетасында «Үздік жасақ» номинациясы бойынша марапатталды.

 
 

                            

Үздік студенттеріміз жыл сайын Астана қаласында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінде өтетін «Әлемді өзгертетін идеялар» «Қазақстан жолы: мәңгілік ел» тақырыбындағы семинар тренингке қатысып келеді.

Факультет ұжымы білім, ғылым сала­сында ғана емес, сондай-ақ спорт саласында да жетістікке ие. Факультет жыл сайын өт­кізілетін «Денсаулық» спартакиадасында соңғы 7 жыл қатарынан чемпион атанып келеді. Ә. Раимбаев, А. Имандосов, А. Семернин, А. Нұртазаев, Р. Тоқсамбаева, А. Айменова, А. Омарова, С. Құлымбетова, С. Жанпейісова, Ж. Дүйсебаев, Ж. Тілеукеев, Р. Бекенов, Ұ. Байназаров, Ж. Омаров, Қ. Тәжен, Ә. Қали, Р. Сахыбаев сынды оқытушылардың спорттағы жетістіктерге қосқан үлесі мол.

 
 

«Денсаулық» спартакиадасының жеңімпаздары

А. Раимбаев, Л. Харчук, М. Аязбай, С. Мыр­зашев университеттің ардагерлер құрамасы ко­мандасының сапында өнер көрсетеді. Студенттер спорттың түрлі саласында жетістікке ие. Атап айтар болсақ, «Машина жа­сау» мамандығының студенті А. Бескемпір қа­зақ-дзюдо күресінен Қазақстан Республикасы­ның чемпионы, қысқы Универсиаданың қола жүлдегері атанды.

Факультетті әр жылдары бітірген түлектер – генералдар М. Аюбаев, К.И. Елюбаев, М. Жа­манбаев, С.М. Қойбақов, Н.Р. Келесов; мемле­кет және қоғам қайраткерлері Ш.Ж. Исабеков, А.Г. Савченко, Б.З. Иманәлиев, М.Т. Чердабаев; ғалымдар Ә. Раимбаев, Ж. Қасымбеков, М. Ма­ханов, Б. Оразалиев; О.А. Никитюк, Б.Ә. Орын­беков, Ғ.Т. Сағынтаев, Б.А. Ахметов және т.б. біздің мақтанышымыз.

Top