МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАРЫ

Факультеттегі оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаттары оқу прпоцесін ұйымдастыруды жетілдіру, оны қарқындату, жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Факультеттің қалыптасуы кезінде қиындық аз болған жоқ. Материалдық-техникалық базаның жоқтығы, мамандық бойынша техника­лық оқу құралдарының жетіспеушілігі, әсіресе ғылыми дәрежесі бар білікті оқытушылардың аздығы көп кері әсерін тигізді. Алғашқы жыл­дары кафедраларда ғылыми дәрежесі бар бірде- бір оқытушы болған жоқ. Факультетке лабо­раториялық корпус ретінде типтік жобаға кел­мейтін, сол жылдары химиялық тыңайтқыштар сақтауға арналған қойма босатылып берілді. Алғашқы оқытушылар мен лаборант-шебер­лердің және студенттердің қажымас еңбегінің арқасында зертханалық корпус бірнеше жылдың ішінде арнаулы қондырғылармен жабдықталған, оқу үрдісіне бейімделген кешенге айналды. Бұл жұмыста аға оқытушылар Бименбетов, А.И. Ли, Ш.Е. Бектілеуов, А.У. Кенжебаевтың еңбектері зор. 1973 жылы жас, талантты ректор М. Үркімбаевтың басшылыққа келуімен факультет­тің екінші тынысы ашылғандай болды. Марс Фазылұлының біліктілігінің арқасында сол жылдары фаультетті дамыту жұмыстары өз жемісін бере бастады. М. Үркімбаев барлық жас оқытушыларды өз бастамасы бойынша Мәскеу, Ленинград, Киев сияқты үлкен қа­лалардың ЖОО-дағы мақсатты аспиранту­раға оқуға жіберіп отырды. М. Үркімбаев өзі жыл сайын Мәскеу қаласында бір рет барлық аспирантурада оқитын оқытушыларды жиып, хал-жағдайларын сұрап, ғылыми жұмыстары ту- ралы мағлұмат алып тұрды. Ол кісінің тікелей қамқорлығының арқасында үш-төрт жылдың ішінде факультетте ғылыми дәрежесі бар ПОҚ құрамының саны күрт өсті. С.И. Шотанов, Ә.Т. Раимбаев, В.П. Антимонов, В.И. Козли­кин, С.А. Алиев, А.Н. Семернин, М.Д. Аязбай, Ө.Т. Қасымов, С.Ж. Жашен, А.Қ. Мәлібеков, Д.Қ. Жақияев, С. Жүнісбеков, Б. Естілеуов, Б.Қ. Ибылдаев, М.Х. Ибылдаев кандидаттық диссертацияларын қорғады. Сонымен қатар басқа жақтан да жас ғалымдар шақырылды, олар­дың ішінде ғылым кандидаттары Есенжанов, К.И. Кубаев, Ю.Н. Курляндский, Ю.В. Дубский, И.Н. Хе, А.В. Огрызков және т.б. болды.

Факультет профессоры, техника ғылымдары­ның докторы С.С. Жүнісбеков Қазақстандағы алғашқылардың бірі болып мемлекеттік тіл­де арнаулы-техникалық оқулық жазды. Оның және басқа қызметкерлермен бірлесіп жазған еңбектері «Серпімділік және пластикалық тео­рия негіздері» («Мектеп» баспасы, 1986 жыл), «Материалдар кедергісі» (М.Ф. Үркімбаев, С. Жүнісбеков, «Мектеп» баспасы, 1986 жыл), «Машина бөлшектері» (М.Ф. Үркімбаев, С. Жүнісбеков, С.А. Әлиев, «Қайнар» баспасы, 1992 жыл) және т.б. оқулықтары еліміздің тех­никалық оқу орындары мен колледждерінде кеңінен қолданылуда.

1990 жылдарға дейін тек ғана факультет негізінде 4404 – «Мелиорация жұмыстарын механикаландыру» мамандығы бойынша инженер-механиктер даярланған, сондықтан да оқу- әдістемелік бірлестік тек осы факультетте болған. Осы мамандық бойынша бүкіл республика үшін оқу жоспарларын дайындауға факультет профессор-оқытушылар құрамы белсенді жұмыс атқарды.

Факультеттегі профессор-оқытушылық құрам 98 бірлікті құрайды. Оның ішінде бес ғылым докторы бар: С.С. Жүнісбеков, И.С. Ті­легенов, С.М. Мырзашев, О.А. Сүлейменов, Ж.С. Туленбаев. Оқытушылардың жалпы са­нының 65%-тен астамының ғылыми атағы және дәрежесі бар.

 
 

Факультеттің өркендеп дамуына әр жылдар аралығында белгілі ғалымдар А. Кенжебаев, Т.М. Жүнісбеков, Б. Саткей, Ж.О. Қадыров, Ю.В. Дубский, К.Е. Кубаев, Н.С. Сұлтанқұлов, Ж. Қасымбеков, В.И. Козликин, Қ. Ақтоқалов, Б. Ахметов, М. Тындыбеков, С.Ж. Баубе­ков, Ю.В. Курляндский, М.И. Қасабеков, Б.Қ. Оразалиев, М. Маханов, Ф.И. Ким, М.Х. Бутабаев, Ш.М. Отарбаев, Б.Қ. Ибылдаев, З.Б. Сүлейменов, А. Ваисбеккер, А.В. Макаров, Б. Тайжанов және т.б. елеулі еңбек етті. Техни­ка ғылымдарының докторы Рашид Бакировтің ғылыми еңбектерінің нәтижесі республикалық көрмелерде, Лаоста, Қытай Халық Республика­сында, Түркияда өткен халықаралық дәрежеде­гі көрме-жәрмеңкелерде көрсетілді. Профессор Р. Бакиров ТМД елдері, Египет Араб Республи­касы, Қытай Халық Республикасы, Түркия Республикасы ғалымдарымен ғылыми байланыстарды қалыптастырды.

1999 жылы факультетте «Нарықты экономи­ка кезеңіндегі машина жасау: проблемалар және даму жолдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасында машина жасауды дамытудың тұжырымдамасы бекітілген.

Факультетті 25 жылға жуық басқарған про­фессор С. Мырзашев университет тарихының құрылу барысында оның құрылымы бірнеше рет өзгергеніне қарамастан, факультеттің тұтастығын сақтай отырып, оқу-өндірістік базасының нығаюына, жас мамандардың тұрақтануына көп көмегін тигізді.

Оқу үрдісі мен мемлекеттік бюджеттік және басқа да  ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін факультетте ғылыми-зерттеу лабораториялары, оқу кабинеттері, компьютерлік класстар, интерактивті тақтамен жабдықталған аудиториялар мен зертханалар, арнайыландырылған аудиториялар мен оқу-ғылым зертханалары бар.

Факультеттің материалдық-техникалық базасы гидрокенеш, технологиялық және тәжірибелік корпус ғимараттарында орналасқан.

Аталған оқу кабинеттері мен компьютерлік класстарда, ғылыми-зерттеу зертханалары мен арнайыландырылған аудиторияларда және  оқу-ғылым лабораторияларында институт оқытушылары мен студенттері, магистранттар мен докторанттар тек қана оқу үрдістерін жүргізіп қоймай ғылыми-зерттеу жұмыстарын да жүргізеді.

Факультет қарамағында металл кесуші станоктармен жабдықталған және оқу сабақтары мен тәжірибелерді жүргізуге, ҒЗЖ жүргізу үшін зертханалық және тәжірибелік қондырғыларды жасауға арналған 2 механикалық шеберхана бар.

Оқу процесі мен студенттердің қатысуымен жүргізілетін зертханалық және нақтылық ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бөлігі қаланың және облыстың үздік кәсіпорындары мен мекемелерінде жүргізілуде.

2018 жылы құны 35 млн. теңге тұратын «Мұнай бергіштікті арттыру» аппаратты тренажер модулі бар «Ұңғыларды күрделі жөндеу» тренажер-имитатордың оқу классы алынды. Бұл тренажер келешекте мұнай-газ өндірісінің мамандары үшін біліктілікті жоғарылату курстарын ашуға септігін тигізеді. Алдағы уақытта да зертханаларды өндіріске қызмет ұсыну бағытында қажетті жабдықтармен жабдықтау жалғасын таппақ.

Top