МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ МЕХАНИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Факультеттің ғылыми зерттеу жұмысы оқытушылардың магистранттар мен студенттердің ғылыми жұмыстарына жетекшілік етуімен, оқытушылар мен студенттердің шығармашылық байқаулар мен көрмелерге, пән олимпиадаларына қатысуымен, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін нақты жобалауларға ендірумен сипатталады. 

Факультет ғалымдары отандық ғылымды дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

Білім мен ғылым саласындағы жемісті еңбектерінің арқасында факультет ғалымдары Жүнісбеков Т.М. (2005),  С. Мырзашев (2007, 2012 жж.), И. Тілегенов (2008, 2018 жж.), Р. Бакиров (2009 ж.), А. Асқарова (2012 ж.), А. Семернин (2012 ж.), М. Ибылдаев (2016 ж.), М. Бекмұра тов, К. Шилібек (2017 ж.), С. Орынбаев (2018 ж.)  Қазақстан Республи касы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО Үздік оқытушысы» атағын алса, ғалымдар Б.Манапбаев (2015 ж.), М. Ибылдаев (2016 ж.), С. Орынбаев (2017 ж.) ҚР БжҒМ ғылым мен техникаға елеулі үлес қосқан ғалымдар мен ма мандарға арналған мемлекеттік ғылыми стипен дияның иегерлері атанды. Техника ғылымдары ның кандидаты К. Шилібек 17 өнертабысы үшін «Шапағат – 2012» байқауында «Үздік өнертапқыш» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының алтын медалімен және арнайы дипломымен мара патталды.

Профессор С. Мырзашев Қазақстан Республикасында жер қазатын ма шиналардың топырақ жағдайына бейімделетін болашағы бар жұмысшы құралдарын жасау бойынша ғылыми зерттеулермен айналы сып, жас ғалымдарды тәрбиелеуде. Оның жетекшілігімен Қазақстан да жер қазатын машиналардың топырақ жағдайына өзі бейімделетін жұмысшы құрал дарын жасау бағытында ғылыми-зерттеу жұ мыстары жүргізіліп өндіріске енгізілді. Өзі бейімделетін жер қазу машиналарының жұ мысшы құралдарының үздік үлгілері жасалды және өндірістік жағдайларда сынақтан өткізу жүргізілді.

С. Мырзашев «Машиналар және жабдықтар» кафедрасында жаңа «Топырақты кесу» зертха насын жобалау, ұйымдастыру және оқу үдерісі не енгізуге тікелей атсалысты.

Профессор И.С. Тілегенов «Подземный энерго-ресурсосберегающий био энергетический комплекс для производства биогаза, биотоплива, биогумуса из бытового и отходов сельского производства» тақырыбын да кешендік ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп келеді. Ғылыми-зерттеу жұмысына «Мұнай-газ ісі» және «Биотехнология» мамандықының сту денттері қатыстырылуда.

Факультет ғалымдары С.Мырзашев, И.Тілегенов, О.Сүлейменов, М.Әбдіғалиев, А.Раимбаев, Б.Қойайдаров, М.Ибылдаев, М.Сексенбай, С.Орынбаев, Б.Манапбаев, А.Кабдушев өнертапқыштық салада өздерінің белсенділіктерін танытып келеді.

 
 

Сонымен қатар соңғы жылдары факультетімізде шаруашылық келісім-шарт негізінде орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жандана бастады. 2018 жылы "Машиналар және жабдықтар" кафедрасында "Бекен" ШҚ егістік алқабы топырағының экологиялық күйін бағалау және құрылымдық құрамына суда еритін полимерлердің әсері" тақырыбында (Ғылыми жетекшісі: К.Шилібек); "Мұнай-газ ісі" кафедрасында "Талас ауданы аумағында орта және жоғары қысымдағы жерасты газ құбырларының техникалық жағдайын бағалау",   тақырыбында (Ғылыми жетекшісі М.Сексенбай); "Электрэнергетикасы" кафедрасында "Жаңартылған энергия көздері негізінде фермерлік шаруашылықты дербес энергиямен қамтамасыз ету жүйесін әзірлеу" (Ғылыми жетекшісі: Орынбаев С.) тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жуық арада ғана факультетімізде ғалымдарымыз И.Тілегенов пен М.Түлековтың басшылығымен "Фосфорит кен орындарының керітпеш беткейлерінің қазіргі жағдайларын зерттеу және ашық кен қазбаларының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар әзірлеу" тақырыбында алпауыт компания "Қазфосфат" ЖШС-нің тапсырысымен үлкен жұмыс қолға алынбақ. Міне, мұның бәрі ғылымды өндіріспен байланыстырудағы еңбектер.

Жыл сайын факультетте 10-нан астам мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) жүргізіледі. Факультеттің профессор-оқытушы құрамы көптеген халықаралық конференцияларға, форумдарға, семинарларға және байқауларға қатысады.

2008-2010 жылдар аралығында жас ғалымдарымыз Есназаров Е.К., Қоқаев Ө.Ш., Крыкбаев М.М., Жылысбаев Қ.Ш., Манапбаев Б.Ж., Тунгатарова А.Т, Боранкулова Г.С., Жусип Т.С. кандидаттық диссертацияларын, ал доцент Туленбаев Ж.С. докторлық диссертациясын қорғады.

2018 жылы жас ғалымымыз А.Кабдушев Қ.Сәтбаев атындағы қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінде "Тиімді тампонаждық материалдарды қолдану арқылы ұңғыманы аяқтаудың сапасын жоғарылату" тақырыбында докторлық диссертация қорғап, PhD докторы атанды.

 «Мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы Б.Манапбаевқа Үндістанның халықаралық ITEC бағдарламасы бойынша шәкіртақы тағайындалып, ол Үндістанның Керала штаты, Палаккад қаласындағы «Ағынды реттеуді зерттеу институтында» (Fluid Control Research Institute) 2 айлық біліктілігін жоғарлату курсынан өтіп келді.

«Мұнай-газ ісі» мамандығының 4 курс студенттері (жет. Кабдушев А.) 2010 жылы V KazEnergy Еуразиялық Форумның аясында «Petrobilim» халықаралық конкурсына қатысып, 98 команданың арасында 13 орын, ал оңтүстік топта 1 орынды иеленді.

Жыл сайын «Мұнай-газ ісі» мамандығының студенттері италияндық «Аджип КСО» компаниясы жариялаған білім грантын ұтып алу конкурсына қатысып, онда бір жылдық оқу ақысы көлемінде сыйақы жеңіп алуға мүмкіндік алады. Осы байқауда 7 студент жалпы сомасы 1 282 000 теңге болатын білім гранттарын иеленді.

Факультет ғалымдары (К. Шилібек, Ө. Қоқаев, Б. Манапбаев, О.Қожас) мемлекеттік жастар саяса ты шеңберінде шығармашыл жастарға қолдау көрсету мақсатында тағайындалған облыс әкімі сыйақысының «Ғылым» номинациясы бойынша лауреаттары атанды. Жас ғалымдар Б.Манапбаев, А. Әбілдаев, Р. Нүсіпәлі – «Парасатты жас ғалым – 2013», «EXPO-2017 – жастар көзімен», «Пара сатты жас ғалым – 2016» байқауының жеңімпаз дары атанды.

Сонымен қатар, факультет жастары «Online EXPO-2017», «Rolex», «EXPO-2017 – Қа зақстанның болашағы», «Science Slam – Ка захстан», «Startup Bolashak», «Молодежный конкурс инновационных проектов «Nurintech» сынды республикалық байқауларға тұрақты түрде қатысып келеді.

2017 жылы «Машина жасау және механи ка» кафедрасының аға оқытушысы А. Әбілдаев Қызылорда облысында өткен республикалық «Ғани Мұратбаев сый лығы» ғылыми байқа уының жеңімпазы бол ды.

2016 жылдың 1 қыркүйегінен факультет деканы қызметін тех ника ғылымдарының кандидаты Кенжеғали Шилібек атқарып ке леді. Қазіргі таңда факультетте болашағынан көп үміт күттіретін Б. Манапбаев, А. Қабдушев, Р. Бекенов, А. Әбілдаев, Р. Нүсіпәлі, Б. Жақияев сынды жас ғалымдар еңбек етуде. Студенттеріміз Т. Баубекова, М. Ким, Г. Шоман, Р.Н. Төлеубек, Н. Тұрғанбек сынды студенттер сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Түркия, Литва, Польша мемлекеттерінің жоға ры оқу орындарында білім алып қайтты.

Факультет ғалымдары студенттердің ғылы ми-зерттеу жұмыстарын қарқынды дамытуда. Соңғы үш жылда студенттер Ж. Қошқарбай ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стипендиан ты болса, Ә. Бекболова, И. Васин, А. Серікова, И. Дямуршаев, Н. Самойленко және Б. Туман Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры жариялаған «Болашақтың ғалымдары» байқауының жеңімпаздары.

С. Жалғасов, А. Сартай, А. Аманкелді, Б. Құдайқұл, С. Рамазанов – Халықаралық және республикалық ғылыми жұмыстар байқауының жеңімпаздары, ал М. Апсаматов, Г. Ақшапанова, Ж. Әбілмәжін – республикалық пәндік олимпианың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

2016 жылы Мәскеу қаласында, Ресейдің Жа ратылыстану академиясында VIII Халықара лық студенттердің электронды ғылыми фору мына қатысқан студенттер Н.Ю. Дарибаев және Н.Н. Исанов I-дәрежелі дипломмен марапатталды.

Факультетте «Жас мұнайшы», «Тұлпар», «Механик», «Радиомаяк», «Компьютерлік технологиялар», «Машинажасаушы» студенттердің ғылыми үйірмелері жұмысы негізінде әртүрлі  ғылыми-техникалық өнімдер шығарылады. Оқу процесінде тәжірибелік қондырғылар мен зерттеулердің әдістемесі енгізілген.

«Көлік техникасы мен технологиясы» кафедрасының меңгерушісі Семернин А.Н. кафедра ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, «Жамбыл облысындағы индустриалды-инновациялық бағыты бар үздік тауарлар мен қызметтер» аймақтық байқауында институт  ұсынған экспозициялар атап өтілді.

М.Ә.Әбдіғалиевтің ғылыми жетекшілігімен орындалған ҒЗЖ нәтижесінде істелген шөміштің өздігінен икемделетін кескіш жиегі бар бірожаулы экскаватордың жұмысшы жабдығы Т-130, ДП-26С тракторының негізінде жасалған өнімділігі жоғары және  жоғары тиімділікті топырақ қопсытқышы өндірісте қолдануда.

Профессор С.Мырзашев далалық жағдайында өрт сөндіруге арналған  роторлы лақтырғыш машинасын, доцент Б.Қойайдаров биогаз қондырғысын  сынақтан өткізді. Ал, профессор И.Тілегенов «Көбік түзгіш құрылғы» әзірлемесі сынақтан  өткізіп, арнайы мамандардың қортындысын алды. Алдағы уақытта «Жерасты энергия қорын үнемдейтін биоэнергетикалық кешен қондырғысының үлгісін» жасап, сынаққа әзірлеуде.

 

Top