2021 жылы 12 қаңтарда Unicen желісі бойынша "Advancing Institutional Capacity for sustainable Groundwater in Central Asia with emphasis on Karakalpakstan, a former Aral Sea Region in Uzbekistan" жобасы шеңберінде бірінші халықаралық онлайн-семинар өтті.
Семинарға қатысушылар: Daugherty Water for food Global Institute, University of Nebraska-Lincoln, USA; Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлерік институты, Өзбекстан; Қарақалпақ мемлекеттік университеті,Өзбекстан; Назарбаев Университеті, Нұр-сұлтан; М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан.
Біздің университет атынан жобаның бірлескен жетекшісі, т ғ. д., профессор С. М. Қойбақов, ұйымдастырушы "Шет тілдері" кафедрасының аға оқытушысы Ю. С. Рахимова, аудармашы "Шет тілдері" кафедрасының оқытушысы М. Ф. Ибрагимов.
Семинарда бакалавриат және магистратураның оқу бағдарламалары, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамын дамыту және қатысушы жоғары оқу орындарындағы су ресурстары жөніндегі бағдарламаларды қолдаудың әкімшілік практикасы қаралды.
ЖОБАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ "ШЕТ ТІЛДЕРІ" КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ РАХИМОВА Ю. С.