КУРАТОРЛАР МЕКТЕБІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАРҒА СЕРТИФИКАТ БЕРІЛДІ

Дулати университетінде 2020-2021 оқу жылына арналған «Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсы өз жұмысын аяқтады.

«Кураторлар мектебі» құзыреттілікті арттыру курсының бағдарламасы бойынша 1 лек тыңдармандары онлайн режимінде Zoom платформасында 2020 жылдың 10 қараша мен 24 желтоқсан күндері аралығында жүргізілді.

Онлайн режиміндегі «Кураторлар мектебіне» 70 профессор-оқытушы құрамы тыңдаушылар қатарына қабылданды. Бұл курстың мақсаты - университет кураторларына тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру мен студенттердің бейімделуі мен әлеуметтенуіне, топта үйлесімді қарым-қатынас орнатуына, кураторлық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру жолдарына бағыт беру және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. ЖОО студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тәлімгерлік іс-шаралар арқылы жаңашыл көзқарастар қалыптастыруға тәжірибелік көмек көрсету.

Аталмыш курстың бағдарламасын үйлестіру және оның жүзеге асырылуын «Психология және педагогика» кафедрасының аға оқытушысы магистр А.К. Дауренбекова өз қадағалауына алған болатын.

«Кураторлар мектебі» құзіреттілікті арттыру курсына қатысқан пофессор-оқытушылар құрамы қатысқандарын растайтын сертификатпен марапатталды.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1245 раз
Top