Ұстаз институты «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-2 курстың болашақ педагогтерімен танысу педагогикалық практикасы бойынша бағыттаушы конференциясы өткізілді.
Танысу педагогикалық практикасының мақсаты- студенттерді білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесімен таныстыру және оны болашақ кәсіби іс-әрекетінің жағдайына бейімдеу.
Танысу педагогикалық практикасы барысында 1-2 курс студенттері нормативті құжаттармен және педагогтер құрастыратын жоспарлармен (оқу бағдарламалары; ұзақ мерзімді, мұғалімдерді орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлары) танысады;пән/ мамандық бойынша оқу-әдістемелік кешен (мультимедиалық техникалық құралдар, смарт және стем-құралдар, кестелер, дидактикалық материалдар, электронды оқулықтар, бейнетекалар және т.б.) мазмұнын саралайды; әртүрлі формадағы оқу процесінің жағдайы бойынша әртүрлі іс-шараларға (сабақ, семинар, дөңгелек үстел, пікірсайыстар және т.б.) онлайн қатысып, тұтас педагогикалық процестерді зерделейді; сабаққа жалпы дидактикалық-психологиялық талдау жасайды; сыныпқа/топқа/ психологиялық-педагогикалық мінездеме құрастырады; жеке оқушыға мінездеме береді; педагогтің әлеуметтік-педагогикалық портретін жасайды.
Клара БУЗАУБАКОВА
«Білім берудегі менеджмент»
кафедрасының меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор