ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНДІ

Кезекті ғылыми кеңес жиынында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын облыста жүзеге асыру үшін белсенділік танытқан   профессор- оқытушылардың еңбегі еленді.

Онлайн және оффлайн өткен іс-шарада аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың алғыс хатымен университет ректоры м.а Махметғали Нұрғалиұлы, бірінші проректор м.а Ержан Әмірбекұлы, Ұстаз институтының директоры м.а Орынқыз Көпбосынова марапатталды.

Жамбыл облыстық   «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Зарина Қуатованың алғыс хатымен «Ақпараттық техноголиялар автоматика және телекоммуникация» факультетінің деканы Гауһар Мұратова,«Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты директорының оқу- әдісдемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары Римма Турекельдиева, «Білім берудегі менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Клара Бузаубакова, «Филология және журналистика» кафедрасының меңгерушісі Кулзинат Қарымбаева, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Турсынай Абдыкадырова, «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Ермекбай Серікбаев, «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Гулхан Нұрадин, Филология ғылымдарын кандидаты Зиба Құлманова, Педагогика ғылымдарының кандидаты Рысты Керімбаева, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы Режеп Баярисов, «Тарих, құқық және кәсіпкерлік» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақытжан Джурсунбаев марапатталды.

Жиын барысында «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Балмира Мырзабаева   компьютерге арналған ұлттық ойындарын цифрландыру мақсатында патенттелген « Қазақ шаңырағы» инновациялық-танымдық ойынының WEB-қосымшасымен таныстырды.

Еңбектерінің нәтижелі жемісін көрген барша ұжымды құттықтаймыз!

 

Медиа- қызмет

Прочитано 1154 раз
Top