ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деп дана халқымыз айтқандай талабы мен таланты қатар шапқан университетіміздің білім мен шығармашылықты бірге алып жүрген студенттері бақ сынады. Сайыстың мақсаты – бүгінгі студенттердің сапалы білім алуымен қатар жан-жақты тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Студент жастарды патриоттылыққа, шығармашылыққа баулу, эстетикалық дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту мен ұжымдық мәдениетін арттыру. Сонымен қатар білім, ғылым, мәдениет салалары бойынша және облысымыздың қоғамдық-саяси жұмыстарына белсене араласып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген студенттерді марапаттау болды.

 Жалынды жастық шақтарын ғылым мен білімге жұмсай отырып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттерімізді анықтау оңайға түскен жоқ. Жалпы 30 студент 15 номинация бойынша қатысты. Өз жетістіктерін байқау комиссиясына таныстырып, бірнеше сұрақтарға жауап берді.

Мықтылардың мықтысы төмендегі номинациялар бойынша жеңіске жетті:

  • «Жыл студенті-2020» номинациясы бойынша – «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің студенті – Алина Мадиева;
  • «Үздік волонтер-2020» номинациясы бойынша – «Экономика және құқық» факультетінің студенті – Ерғасыр Дүйсенбаев;
  • «Ең үздік белсенді студент-2020» номинациясы бойынша «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің студенті – Арманбек Шарасул;
  • «Үздік студенттік деканат-2020» номинациясы бойынша – «Экономика және құқық» факультетінің студенті – Мақсұт Шалабек;
  • «Ең үздік студенттік ұйым-2020» номинациясы бойынша – «Энактус» жастар ұйымы;
  • «Ең үздік студенттік клуб-2020» номинациясы бойынша «Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар» факультеті – Маржан Абдимажитова, «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікір-сайыс клубы;
  • «Ең үздік волонтерлік қозғалыс - 2020» номинациясы бойынша «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты – Нұрсәуле Сейтбек, «Қазақстан волонтерлар лигасы»;
  • «Жыл серпіні-2020» номинациясы бойынша – «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» институты – Сержан Күзембеков;                                    
  • «Жас ғалым-2020» номинациясы бойынша «Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенті – Назыма Юлдашова;
  • «Үздік өнерпаз-2020» номинациясы бойынша «Экономика және құқық» факультеті – Нұрым Кенжебек;
  • «Үздік волонтерлік жоба-2020» номинациясы бойынша «Экономика және құқық» факультетінің студенті – Ернар Жылысбаев;
  • «Жас көшбасшы-2020» номинациясы бойынша «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің студенті – Аружан Сатайбекова;
  • «Үздік омбудсмен-2020» номинациясы бойынша «Экономика және құқық» факультетінің студенті – Ыкылас Генжаев;
  • «Үздік бейнеролик-2020» номинациясы бойынша «Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенті – Альфия Сарыбаева;
  • «Үздік медиа студент - 2020» номинациясы бойынша «Ұстаз» институтының студенті – Сұлтанбек Сабеков жеңімпаз атанды.
  • Үздік студенттіріміз арнайы алғыс хаттар мен дипломдармен, сондай-ақ бір айлық шәкіртақымен марапатталды.

Білім алу – адамзаттың дамуы шыңдарының бірі. Білім – мәдениетті байытып, жаһандық деңгейде өзара түсіністіктің орнауына ықпал етеді. Адам капиталының дамуының кепілі және экономикалық өсім мен нарықтық тиімділіктің қозғаушы күші болып табылады. Бүгінгі заман білектің емес, білімнің заманы. Сондықтан, болашақ – білім мен ғылымға тәуелді болатыны айдан анық. Қазіргі жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі қандай дәрежеде болса, еліміздің ертеңі де сондай дәрежеде болмақ. Қоғамды көркейтіп, дамытатын, мемлекетіміздің ішкі және сыртқы істерінде ел өркениеті үшін еңбек ететін, шет мемлекеттермен еркін ғылыми және мәдени қарым-қатынас жасай алатын, оқығанын өмірде жүзеге асыратын, ана тілін жетік білетін, ұлтжанды азамат даярлау мақсатымыз.

Дәстүрге айналған бұл сайыс карантиндік ережелерді сақтай отырып, өз деңгейінде өтті. Еңбектерінің нәтижелі жемісін көрген барша студенттерімізді құттықтаймыз!волон2xволонex

 

 Медиа-қызмет

Прочитано 1310 раз
Top