МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МАРАПАТ

Кезекті ғылыми кеңес жиынында университет дамуына елеулі үлес қосқан оқытушылар мен қызметкерлер «Орыс филологиясы» кафедрасының профессоры Апутан Гапарович, Іс жүргізу бөлімінің бастығы Жанат Дуйсенбаева, «Ұстаз» институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бахыт Темирханұлы марапатталды.

2020 жыл – Еріктілер жылы болды. Бұл жылы қайырымдылық пен қолғабыс, еңбек пен бейнет, мейірімділік пен ізгілік басым түсті. Адамдар бір-біріне қиын күнде қол ұшын беріп, демеді. Жақсы адамдар әр істің басынан табылып, жүректің жұмсақтығы, көңілдің кеңдігі көрінді. Әлемді әдемі ететін де осы сезімдер болса керек. Еріктілер жылы Дулати университетінің жастары нағыз ерлік көрсетіп, көп еңбек етті, ерікті түрде үлкен істердің басы қасында жүріп, үлес қосты. Жиын барысында студенттеріміздің де еңбектері назардан тыс қалмады. Үздіктер марапатталды. Қаржылай сыйлық та табысталды.

Иә, әдетте мереке қарсаңында үлкен той-думан жасалып, ақ тілектер ақтарылатын. Бұл жолы бәрі басқаша, әрине бұл шектеулер өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін жасалып отыр. Ең бастысы көңілдегі кіршіксіз тілек, бір-бірімізді бағалауымыз болса керек.

Ғылыми кеңес соңында университет ректоры ұжымды мерекемен құттықтап, жаңа жылдың табысты, жемісті болуын тіледі.

жиыннxiжиналыс exжииеexжиаг x

 

 

 

 

 

  Медиа-қызмет

Прочитано 1494 раз
Top