ҮМІТІМІЗДІ АҚТАҒАН ҮМІТКЕР

«Әулиеата үміті-2020» обыстық жастар сыйлығы өңір өрендерінің азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, білім,ғылым, өнер, мәдени, шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясаты өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, әртүрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды қолдау мақсатында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. 

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолынан үздіктердің үздіктері марапатталды. Жеңімпаздар арасында Дулати университеті «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» кафедрасының студенті Ерболат Кәрібай «Үздік жас спортшы» номинациясының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ университет түлектеріде марапттан тыс қалмады. «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша жеңіске жеткен «AULIEATA-MEDIA» ЖШС-нің қызметкерлері, Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Лола Нұрматова, «Үздік жас ақын» номинациясы бойынша «ARAI» газетінің бөлім меңгерушісі Нұржан Қадірәліде жас ақын ретінде жеңімпаз деп танылды. 

-Ерболатқа «Әулиеата үміті-2020» жастар сыйлығы үшін жарысқа қатысуға Жамбыл облысының спорт басқармасы өтініш білдірген, - дейді оның пара пауэрлифтингтен жаттықтырушысы Руслан Греев. - Видеоролик түсірдік, ол өзінің жетістіктері жайлы эссе жазды. Желтоқсан айында бізге хабарласып марапаттауға шақырды. Біз тіптен жеңімпаз боламыз деп күтпедік. Бұл облыс спортшылары үшін үлкен мәртебе!

-Мен пара пауэрлифтингпен кәсіби түрде үш жылдан бері айналысып келе жатырмын. Ең маңызды жарыстардың қатарында 2019 жылы Нұр-Сұлтанда өткен Әлем чемпионаты күміс жүлдегері атаныдым. Биыл ғана Манчестердегі әлем кубогында екінші орынға ие болдым.Сондай-ақ Нұр-Сұлтанда өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында өнер көрсеттім. Мен барлық жеңістерімді еліме арнаймын. Бұл бастамасы ғана- дейді Ерболат Кәрібай.

- Бұл Ерболаттың спорттағы алғашқы қадамдары мен оған әрдайым осылай айтамын. Ол пара пауэрлифтингтен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, сондықтан спорт хобби емес, жауапкершілік таныту керек, - деп әңгімесін жалғастырды Руслан Греев. Пандемияға байланысты спорттық өмірде, әсіресе жаттығу барысында өзгерістер болды. Спортшыларға да бізге де бейімделуге тура келді. Әлем кубогының бес кезеңі онлайн режимінде өтіп, барлығына қатыстық. Алдағы уақытта Лондондағы әлем кубогы, Сочидегі оқу-жаттығу жиыны, Тайландтағы әлем кубогы, Венгрияда - рейтингтік әлем чемпионатына қатысу жоспарда бар. Біздің мақсатымыз - Париждегі олимпиада ойындары. Олардың қатысушысы болу үшін олимпиадалық цикл кезінде рейтингтік ұпай жинау қажет. Сондықтан, олимпиада чемпионы болмайынша, демалуға болмайды! 

-Қолдау көрсеткені үшін университетке алғыс айтқым келеді! Пандемияға байланысты көп өзгерістер болды. Мен сенімді ақтауға тырысамын, - дейді Ерболат Кәрібай.

iерррxербо

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1561 раз
Top