Дулати университеті Орталық Азия мен Қытай арасындағы IV халықаралық ынтымақтастық форумы өтті.
Білім беру саласында жылдан жылға уақыт талабына сай өзгерістер орын алады. Даму мен өрлеу үстінде университет бүгінде 100-ден астам шетелдік жетекші университеттермен ынтымақтастықта.
Нақтырақ айтсақ, 2018 жылы ТарМПУ өкілдері Қытайдың Дуньхуан қаласында тікелей өткен «Бір белдеу - бір жол» II Халықаралық форумына қатысқан болатын.
Аталмыш форум Ланьчжоу қаласында Солтүстік-Батыс педагогикалық университетінің базасында өтті. Оған М.Х Дулати атындағы Тараз өңірлік университет ректоры Махметғали Сарыбеков қатысып, білім саласында жаңа өзгерістер әкелетін халықаралық шаралардың маңыздылығына тоқталды. Іс-шараның негізігі мақсаты - зерттеулерді тереңдету, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы гуманитарлық алмасулар мен ынтымақтастықты нығайту.
Форумға Солтүстік-Батыс педагогикалық университеті, Дунхуан академиясы, Қытайдың шекара зерттеу институты, Қытайдың әлеуметтік ғылымдар академиясы, Орталық Азия ғылыми-зерттеу институты, Хэси ғылыми-зерттеу институты, Тарих және мәдениет колледжі, Дунхуан Жібек жолы магистратурасы және Дунхуан ғылыми-зерттеу орталығы, Қырғыз-Қытай ғылыми орталығы қатысты.
Дулати университетімен Солтүстік-Батыс педагогикалық университетің серіктестігі бұнымен ғана тоқтамайды. Сондай-ақ студенттердің тәжірбие алмасу бағытында жұмыс жасауға келісті. Бұл мақалалар Қытай елінің басылымдарында жарыққа шығатын болды.
Бүгінде қос университет арасындағы қатынас нығайып, онлайн-дәрістер беруді жоспарлап отыр.
Медиа-қызмет