ҚАЗАҚТЫҢ БАТЫР ҰЛЫ БАУЫРЖАН

Биылғы жыл ұлт мақтанышы, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл,осыған байланысты Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен «Ар-намысты ту еткен Батыр Бауыржан» еске алу мерекелік акциясы өтті.

Аталған іс-шараға факультеттен оқытушы мен студент қатысты.

Жиында Батыр Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті. Сондай-ақ «Даңқ» залында орналасқан мұражайды аралап, тарихи суреттер мен мәліметтерді тамашалады. Іс-шарада студенттерге Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидалары туралы айтылды.

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1359 раз
Top