ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР ШЕТТЕ ҚАЛМАЙДЫ

Шетелден келген білім алушыларға арналған ақпараттық апталықтың ашылу салтанаты өтті.

«Әлеуметтік қолдау: мәселелер мен шешімдер» атты іс-шараға Еліміздегі Түркменстан және Өзбекстан консулдарымен университет проректорлары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - шетелдік студенттердің көкейінде жүрген мәселелерді шешіп беру.

Алғашқы сөз кезегін алған университеттің бірінші проректоры Ержан Әмірбекұлы жиынның маңыздылығына тоқталды. Жалпы университетімізде 1800-ден астам шетелдік студент білім алуда. Білімгерлердің басым бөлігі ​​ Су шаруашылығы, экология және құрылыс институтында, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар, Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультеттерінде білім алуда. Ержан Әмірбекұлы Шетелдік студенттерді оқытуға бейімделген бірнеше инновациялық бағдарламалар жасалғанын жеткізді.

Келесі сөз кезегін алған Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор м.а Нұрзада Бейсен танымы мен тағылымы мол білім ордасында интернационалдандыру - бірінші кезектегі міндет екенін айтты. Шетелдік студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Келесі жылдан бастап құжаттар цифрлық форматта қабылданатынын жиын барысында айтып өтті. 

Өз пікірін ортаға салған Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор м.а Альмара Наурызбекова, біздің университеттің шетелдік студенттермен он жылдан астам тәжірибесі бар екендігін жеткізді. Сондай-ақ мүмкіндігінше тезірек бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын және тілді үйрену бойынша тегін курстар ұйымдастырылғанын айтты.

 Кездесу барысында шетелдік білімгерлер үшін тек білім алу ғана емес, олардың ғылыми тәжірбиесін арттыру, олимпиадаларға қатысуы маңыздылығы айтылды. Сертификаттар беру, жатақханадағы орындарды бөлу, қандай білім беру бағдарламаларына назар аудару керек екендігі талқыланды.

Бұдан әрі әлеуметтік желілерде шетелдік студенттермен тікелей кездесу өтті. Ақпараттық апталық аясында өтетін іс-шаралар мен кездесулер жоспарланды. Жиын барысында студенттер әлеуметтік салаға және білім беру үдерісіне қатысты сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

DSC 0267DSC 0201

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Медиа -қызмет

Прочитано 1546 раз
Top